Атап айтқанда, суға жеке қорғаныс құралдарын (құтқару кеудешесі) кию, мұз қалыңдығын тексеру, қараңғы уақытта суға шығудан бас тарту, мас күйінде балық ауламау, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен бірге төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне дереу хабарласу керектігі айтылды.
Шараның мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.









