Осылайша үш жыл көлемінде 1,7 трлн.теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 1100-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Соның ішінде биыл құны 85 млн. теңге болатын 2 жоба іске қосылмақ.
Өңірлік пул аясында жеке кәсіпкер «Бақ Береке» құны 35 млн. теңгеге Қалжан ахун ауылындағы жылыжай құрылысы, сондай-ақ жеке кәсіпкер «Ханкелді» құны 50 млн. теңгені құрайтын Тереңөзек кентіндегі наубайхана құрылысын жүзеге асырады.
2026-2028 жылдары Ұлттық цифрлық платформа аясында ауданда «Кызылорда Энерджи ЛТД» серіктестігінің «Қуаттылығы 1100 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Құны 1,6 триллион теңгені құрайтын жобаға 280 гектар жер учаскесі анықталып, резервке алынды. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба 2026 жылы басталып,
510 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
«Қызылорда крахмал-сірне зауыты» серіктестігінің «Жүгері дақылын терең өңдеу зауытын салу» жобасының құны – 40 млрд. теңге. Инвестор бірінші кезеңде 2026 жылы кептіру қондырғысын орнатады. Жоба бойынша 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінде Индустрияландыру картасы аясында жер телімі беріліп, жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Онымен қоса, «Қызылорда-Жалағаш» автожолының бойынан 35 гектар жер дайындалып, электр энергиясы тартылды.
«Компрессор Системс» серіктестігінің «Табиғи газ өндіретін шағын өңдеу зауытының құрылысы» жобасының құны
14 млрд. теңгені құрайды. Жобаны 2027-2028 жылдары жүзеге асыру жоспарлауда. Қазіргі таңда 3 гектар жер табысталып, инфрақұрылымдық жұмыстарға техникалық шарттар алынды.
«Раманов» шаруа қожалығыныңқұны 3,7 млрд. теңгені құрайтын Шаған ауылындағы «Қуаттылығы 400 басқа арналған тауарлы сүт фермасының құрылыс» жобасы. Жобаны 2026жылы бастап, 2027 жылы іске қосуды жоспарлануда. Жоба аясында 15 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Жобалар іске қосылған соң 1100 жұмыс орны құрылатын болады.
фото:inbusiness.kz









