• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Аудан әкімі “Сырдария барысы” турнирінің ашылу салтанатына қатысты

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев қазақ күресінен үшінші мәрте өткізіліп отырған "Сырдария барысы" аудандық турнирінің ашылу салтанатына қатысты. Спорттық іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық мәслихат депутаты А.Есназар, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қ.Асанұлы қатысты,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

22.10.2025
in Спорт
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан басшысы Республика күні қарсаңында жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Чемпион болу – ел мерейін асыру деген сөз. Спортшылардың даңқы – барша халықтың даңқы. Олардың мәртебесі – бүкіл мемлекеттің мәртебесі. Сондықтан біз спортшыларымыздың әр жетістігін мақтан тұтуымыз керек. Мұның бәрі спортты насихаттап, саламатты қоғам құру үшін өте маңызды» деп атап көрсетті. Ел Президентінің тапсырмасымен, Үкіметтің және облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аймағымызда спорттың бұқаралық сипатын дамытуға ерекше мән берілуде. Облыс орталығында құны 2,7 млрд. теңге болатын үстел теннисі пайдалануға берілді. Жақында заманауи талаптарға сай келетін 11 мың орындық жаңа стадион салтанатты түрде ашылды. Соңғы үш жылда өңірде 20 спорт кешені салынып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен тағы 6 спорт кешені пайдалануға беріледі. «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 2,9 млрд. теңгеге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеруде. Сырдарияның сол жағалауынан 6,8 млрд. теңгеге халықаралық стандарттарға сай, жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және облыс орталығынан құны 20,5 млрд. теңге болатын көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сырдария ауданында спортты дамытуға үлкен қолдау жасалып, мәдени-спорттық іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Бүгінгі үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Сырдария барысы» – осының айғағы. Осы жарыс арқылы чемпиондарымыз шығып, ұлттық спортты дамытуға өз үлестерін қосуда, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Турнирдің ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев та сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Турнирге қазақ күресінен аудан намысын қорғап жүрген жас палуандар қатысып, боз кілемде өзара тартысқа түсті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданында орман шаруашылығы және құтқару саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі