• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өзге ұлт өкілдерімен аудандық форум өткізілді. Форумға облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Бақытжан Камалов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, зиялы қауым өкілдері мен этнос өкілдері қатысты,- деп хабарлайды “ PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

14.12.2025
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салтанатты іс-шарада аудан басшысы елдегі достық пейіл мен бауырмалдық – бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық екенін атап өтті.

– Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Бұл дата – ел бірлігі мен татулығын басты құндылық ретінде ұстанған мемлекетіміздің тарихындағы маңызды белес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты 33 сессиясында барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіретінін, бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз және мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін атап өтті. Елімізде ұлттардың тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде экономикамыз өркендеп, ілгері басып келетінін жеткізді. «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дегендей, ауданда бүгінде этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, егемендікті баянды, Тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еңбек етуде. Этнос өкілдері аудан экономикасының өркендеуі мен әлеуметтік ахуалының жақсаруына атсалысып келеді. Ауданда этносаралық қатынастарды үйлестіріп, ұлттардың тілі мен дәстүрін ұлықтауды мақсат еткен арнайы бірлестіктер жұмысы жолға қойылған. Сіздердің ауданда өткізіліп жатқан барлық іс-шараларда белсенді екендеріңізді көріп жүрміз. Облыстық іс-шараларда да аудан намысын қорғап, жақсы жетістіктерге жетіп келесіздер. Жақында ғана облыстық «Достық» үйінде өткен облыстық «Ассамблея аруы – 2025» сұлулық байқауында бас жүлдені жерлесіміз, славяне этносының белсендісі Лидия Мясцова жеңіп алды. Бұл баршамыз үшін қуаныш, – деді Берік ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Мұнан соң облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Б.Камалов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев сөз сөйлеп, елдегі бейбітшілік пен татулық егемендіктің мызғымас кепілі екенін айтты.

Форумда аудан басшысы татулық пен достықтың сақталуына үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдерін «Алғыс хатпен» марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Өз кезегінде этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде дархан пейіл танытып, қамқорлық көрсеткен қазақ халқына алғыстары зор екенін жеткізді.

Айта кетейік, форум барысында этнос өкілдері ұлттық дәстүрлері мен ұлттық тағамдарынан көрме көрсетті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Келесі мақала

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі