• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Отыз сегіз жыл бойы аудандық мәдениет үйінде қызмет етіп келе жатқан Махмұт Сақтапов жақында ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Ақтөре Ибрагимұлымен бірлесіп, жаңа әнді жарыққа шығарды. Әннің атауы – «Құтты мекен – Қармақшы». Бұл ән Қармақшы ауданында өткізілген облыстық байқауда орындалып, жүлдегер атанып, І орынды иеленді, деп хабарлайды “ PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

14.12.2025
in Саясат
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

https://tirshilik-tynysy.kz/ мәліметінше «Киелі мекен – Қармақшым» тақырыбында облыстық сазгерлер мен ақындар байқауында топ жарған әннің мазмұны ерекше. Қос автордың ой ұшқырлығының, шығармашылық әлеуетінің арқасында дүниеге келген әннің тыңдарман жүрегінен орын алуы – бар мақтауға лайық. Бірнеше қатысушының арасынан суырылып алға шыққан Махмұт Мұхтарұлы осыған дейін жергілікті қаламгерлермен бірге 30-ға жуық әнді өз тыңдармандарына ұсынған. Көркемдік жағынан әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған әннің ғұмыры өміршең.

 

– Қармақшы, Қорқыт елі – қасиетті,

Қобызбен шерткен елге өсиетті.

Тәу етер тарихың бар тағылымды,

Ел-халық тағзым етіп, бас иеді, – деп басталатын әнді жазу барысында Мәкең екеуміз ұзақ ойланып, Қорқыттың елінің тарихын, құрылымын қамтуға тырыстық. Сазгердің ұсынысын қабыл алып, осы алыптарға алтын бесік болған Қармақшының қа­сиетке толы мекенін жырға қостым. Жалпы таби­ғатынан Махмұт Мұхтарұлы өз шығармашылық әлеуетін қалыптастыра алған жан. Өнермен өмірі ұш­тасқан сазгермен әлі де көптеген туындыны жарыққа шығаратынымыз анық. Облыстық байқауда жүлдегер атанған аудан мақтанышын шын жүректен құттықтаймын, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

 

Осы туынды бір күнде дүниеге келген. Сазгер Махмұт Сақтапов әнді әрлеп, нотаға түсіріп, өзіндік шығарманың негізін қалыптастырған. Әнді жас әнші Абылайхан Бәйділдаев орындады.

– Қашанда ән әлемінен алыс­тамаған мен үшін сазгерлік қызметтің орны ерекше. Алғаш 1988 жылы аудандық мәдениет үйіне жұмысқа келгенімде үл­кендердің ақ батасын алдық. Бүгінде өзіміз де жастар ақыл сұрайтын кезеңге келіп қалдық. Облыстық байқауда жүлделі орын алып қана қоймай, Қармақшы ауданының өнерпаздары үшін жаңа, тың дүниені ұсына білдік. Әннің сөзін жазып, қолдау көрсеткен ақын Ақтөре Ибрагимұлына шынайы алғысымды жеткіземін, – дейді сазгер Махмұт Сақтапов.

Алдыңғы мақала

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Келесі мақала

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі