Бүгінде аудан бойынша қалдықтарды жинау, сұрыптау және өңдеу саласында 1 кәсіпкерлік субъектісі(Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, «Тереңөзек тазалығы» ШЖҚК) жұмыс жасауда.
2024 жылы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне облыстық бюджеттен 475,5 млн. теңге қаржы бөлініп, сұрыптау кешені бар полигон пайдалануға беріліп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аудан аумағында 9 полигон бар. Оның барлығына қоршау жұмыстары жүргізілген, қалған 5 ауыл полигон аумағы қоршалған ауылдармен жақын орналасуына орай екі ауылдан бірге пайдалануда.
Айта кетейік, облыс әкімінің жер телімдерін тұрақты жер пайдалану құқығын табыстау туралы қаулысы бар. Қазіргі уақытта қаулыға сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылуда.









