• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

04.07.2025
in Қоғам
0
499
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты, — деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.
Жиында өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны, кезекте тұрған азаматтардың жағдайы, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.
Аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне тұрғын үй құрылысын бастау үшін қажетті инженерлік инфрақұрылымы дайын жер телімдерін шұғыл түрде ұсынуды тапсырды. Сонымен қатар, әр ауданда қанша үй салынатыны, құрылыс мерзімі мен қаржының тиімді игерілуі нақты көрсетілген жоспар әзірленуі қажет екенін ескертті.
«Тұрғын үй салуға бөлінген қаржыға құрылысты уақытылы бастау, жер телімдерін анықтап, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. Жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеп, тиісті мемлекеттік сараптамадан өткізіңіздер. Бөлінген қаржы тиімді әрі мақсатты игерілуі керек»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Облыста тұрғын үймен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 4,1 млрд теңге бөлініп, аудан орталықтарынан 429 пәтер сатып алынып, халыққа табысталды. Өткен жылы 14,7 млрд теңгеге 1 015 жаңа пәтер сатып алынып, үй кезегінде тұрған отбасыларға берілді.
Биыл бұл жұмыстар жалғасын тауып, тұрғын үй сатып алуға 43,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Оған 2 598 пәтер сатып алу жоспарланған. Атап айтқанда, әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлерге 10 млрд 002,8 млн теңге қарастырылып, бұл қаржыға Қызылорда қаласынан 610 пәтер сатып алынбақ.
PS. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған 1 988 пәтерді сатып алуға 33 млрд 833,7 млн теңге бөлінді. Оған Қызылорда қаласынан 1 538 пәтер, Арал ауданынан 100 пәтер, Қазалы ауданынан 100 пәтер, Шиелі ауданынан 100 пәтер, Жаңақорған ауданынан 100 пәтер, Қармақшы ауданынан 50 пәтер, яғни аудан орталықтарының өзінен 450 пәтер алынады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Келесі мақала

“Сыр толқыны” ІІ республикалық күйшілер байқауы өтеді

Оқи отырыңыз

“Миы шайқалған”. Студент қызды қатарластары колледж дәретханасында ұрып, тепкен
Білім

“Миы шайқалған”. Студент қызды қатарластары колледж дәретханасында ұрып, тепкен

Мөлдір Мұқан — «Біреудің бақытын тартып алып, бақытты бола алмайды»
Өнер

Мөлдір Мұқан — «Біреудің бақытын тартып алып, бақытты бола алмайды»

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді
Саясат

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді

Қазалыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

Қазалыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі