• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 9 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Вице-премьер Қызылордаға сапарында келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады

Вице-премьер Қанат Бозымбаев су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, фермерлермен алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

05.12.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Вице-премьер Қанат Бозымбаев су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, фермерлермен алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады.

Кездесуде Сырдария өзені бассейніндегі судың аздығы туралы қалыптасып отырған ахуал талқыланды. Нарын–Сырдария каскадына келіп түсетін су көлемі айтарлықтай төмендеген. Бұл келесі жылғы вегетациялық кезеңде су тапшылығы қаупін тудырады.

Оның салдарын барынша азайту мақсатында Су ресурстары министрлігі су қоймаларының жұмыс режимдеріне қатысты бірнеше болжамдық нұсқа әзірледі. Су тым аз келген жағдайда ресурстарды қайта бөлу және лимиттерді түзету қажет болатын сценарийлер пысықталды.

Су ресурстары шектеулі болған жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ылғалды көп қажет ететін дақылдар алқаптарын қысқарту және құрғақшылыққа төзімді, аз су қажет ететін дақылдарды енгізу арқылы егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстарын жалғастырып келеді.

Барлық су тұтынушылар судан тапшылық көрмеуі үшін және Сырдария өзенінің төменгі ағысында төтенше жағдай туындауына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысында 2026 жылы күріш егістіктерінің алаңы 70 мың гектардан аспауға тиіс.

Бір айта кететіні, егіс алқаптары жыл сайын оңтайландырылып жатқанына қарамастан, орташа өнімділік өсіп келеді (2024 жылы 85 мың га алқапта гектарынан 58 центнер, 2025 жылы 80 мың га алқапта гектарынан 58,1 центнер алынды). Бұған жаңа күріш сұрыптарын енгізу және заманауи техниканы пайдалану септік етіп отыр.

Сондай-ақ өңірде су үнемдеу технологияларын қолданатын егістік көлемі артып келеді. Егін алқаптарында судың ысырап болуының алдын алу үшін лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл әдіс суды 20%-ға дейін үнемдеп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Биыл 60 мың гектар күріш алқабы тегістелді.

Заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу тәуекелдерді азайтып, АӨК-тің орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Бүгінде бұл технологиялар республика бойынша 500 мың гектардан астам жерде қолданылуда, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға дейін (суармалы жерлердің шамамен 70%-ы) жеткізу жоспарлануда. Аталған мақсаттарға жету үшін Үкімет кешенді шаралар қабылдауда, соның ішінде субсидиялау мәселелері де шешілуде.

2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шеңберінде инвестициялық шығындарды өтеуге бағытталған жалпы трансферттер көзделген, ал қаржыландыру көлемі 215 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

«Алдағы вегетациялық маусымда жоғарыдан келетін су көлемі айтарлықтай азаюы мүмкін. Ондай жағдайда су үнемдейтін технологиялар тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау құралдарымен қатар өсімдік шаруашылығы жүйесінің міндетті элементі болуы тиіс. Қызылорда облысының әкімдігі Су ресурстары және ирригация министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және ғылыми ұйымдармен бірлесіп, инновациялық препараттарды қолдану үшін кемінде 100 гектар жер телімін анықтап, оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық қолдауды қамтамасыз етуі қажет», — деді Қанат Бозымбаев.

Кездесуде фермерлерге суды пайдалану ашықтығын қамтамасыз ету және су ресурстарын есепке алуды одан әрі цифрландыру үшін енгізіліп жатқан биллинг жүйесі туралы да айтылды. Бұл — фермерлерді сумен қамтудың толық циклін біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа. Оның ішінде өтінім беру және келісімшарт жасасудан бастап, нақты тұтынуды есепке алу және төлем жасауға дейінгі функциялардың барлығы бар. Жүйе процестерді оңтайландырады, суды бөлу мен есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ нақты көлемдерді дәл есепке алуға мүмкіндік береді.

Вегетациялық кезең басталғанға дейін Қызылорда облысының әкімдігіне диқандар арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. «Қазсушар» РМК-ға ылғалды көп қажет ететін дақылдарға бекітілген лимиттерге қатаң сәйкес келетін су беру шарттарын жасасу, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алдағы вегетациялық кезеңде «қара су нарығымен» күресті күшейту тапсырылды.

Су шаруашылығындағы ахуал өзгерген жағдайда Су ресурстары және ирригация министрлігіне 2026 жылғы вегетациялық кезеңге арналған өңірлер бойынша су тұтыну лимиттерін 2026 жылдың 1 ақпанына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдау жүктелді. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2026 жылдың 1 наурызына дейін ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егістік құрылымын нақты қолжетімді суару суының көлеміне сәйкес түзету тапсырылды.

Алдыңғы мақала

Қарағандыда әйелін өлтіріп, мәйітін қорлаған ер адам 18 жылға сотталды

Келесі мақала

Заң мен тәртіп қағидаты

Оқи отырыңыз

Қоғам

Әйтеке би кентінде жаңа қонақ үй іске қосылады

Қазалы ауданының әкімі прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Құқық

Қазалы ауданының әкімі прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі спорт кешені мен ауылдық клуб құрылысын көрді
Қоғам

Аудан әкімі спорт кешені мен ауылдық клуб құрылысын көрді

Қазалы ауданының әкімі сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірлердің жағдайы мен су деңгейін көрді
Қоғам

Қазалы ауданының әкімі сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірлердің жағдайы мен су деңгейін көрді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы ауданының әкімі сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірлердің жағдайы мен су деңгейін көрді

Қызылордада Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қазалыда түнгі рейд жұмыстары жүруде

Қазалы ауданының әкімі бірқатар нысандарды аралады

Қызылордада Қазалы ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қазалыда “Жыр тербеткен жүрегін” атты жыршы-термешілердің байқауы өтті

Өзекті жаңалықтар

Қоғам

Әйтеке би кентінде жаңа қонақ үй іске қосылады

0

Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, нысан жуық арада ел игілігіне берілмек. Заманауи талаптарға сай бой көтерген қонақ...

Қазалы ауданының әкімі прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазалы ауданының әкімі прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі спорт кешені мен ауылдық клуб құрылысын көрді

Аудан әкімі спорт кешені мен ауылдық клуб құрылысын көрді

Қазалы ауданының әкімі сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірлердің жағдайы мен су деңгейін көрді

Қазалы ауданының әкімі сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірлердің жағдайы мен су деңгейін көрді

Қызылордада Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қызылордада Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Әйтеке би кентінде жаңа қонақ үй іске қосылады
  • Қазалы ауданының әкімі прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
  • Аудан әкімі спорт кешені мен ауылдық клуб құрылысын көрді
  • Қазалы ауданының әкімі сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірлердің жағдайы мен су деңгейін көрді
  • Қызылордада Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі