• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты өңірлік ауыл әйелдерінің форумы өтті

Бүгін Қызылорда облысының тарихи және ірі аудандарының бірі – Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты өңірлік ауыл әйелдерінің форумы өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

17.11.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен «Ауыл» партиясының және Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Форумның мақсаты – ауылдық жерлердегі әйелдердің көшбасшылық әлеуетін нығайту, әйел кәсіпкерлерлігін қолдау және олардың экспорт пен кооперация мүмкіндіктерін кеңейту, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Ауыл» партиясының ауыл әйелдерінің мәселелерін шешудегі қызметін таныстыру, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды насихаттау.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, «Ауыл» партиясының, орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың өкілдері, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласының делегеттары, әйел-кәсіпкерлер, азаматтық қоғам көшбасшылары, сондай-ақ ауыл еңбеккерлері және еңбек ардагерлері қатысты.

Форумды облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет ашып, Сыр елі әйелдерінің өңірдің тұрақты дамуына қосып отырған зор үлесін ерекше атап өтті.​

«Ұланғайыр даламыздың тарихында өздерін кемел көшбасшы, ақылды ел билеуші, көрнекті қайраткер, ұлт жанашыры, ұрпақ тәрбиешісі ретінде танытқан әйелдер аз емес. Олардың есімін бүгінгі күні ерекше қадір-құрметпен еске аламыз. Ел ішіндегі батырлық пен батылдықтың, ақыл мен парасаттың ұйытқысы бола білген Тұмар мен Зарина ханшайымдар, қазақ қыздарының қайраткерлігінің дәлелі болған Әлия мен Мәншүк, Хиуаз апаларымыздың есімдері тарихымызда алтын әріптермен жазулы.
Осындай аналарымыздың ізін жалғап, Сыр елінің өсіп-өркендеуіне қажыр-қайратын қосқан Социалистік Еңбек Ерлері – Шырынкүл Қазанбаева, Сәлима Жұмабекова, Балдырған Мұстафаева, Закира Ержанова, Қазына Жүсіпова, Жадыра Таспанбетова сынды апаларымыздың есімі ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Қазіргі таңда да, қоғамның барлық саласында әйелдер үлесінің артуы да – Сіздердің қарымды қабілеттеріңіз бен іскерліктеріңіздің дәлелі деп білеміз», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев сөз сөйлеп, бұл форумның Атырау, Павлодар және Алматы облыстарында өткен кездесулердің ізгі жалғасы екенін мәлімдеді.
«Әйел – отбасының тірегі, қоғамның тұрақтылығы мен жаңғыруының қайнар көзі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайда: «Біз әйелдердің қоғамдағы орнын күшейтіп, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғауға баса мән беруіміз қажет. Бұл – өркениетті елдің белгісі», – деген болатын. Бұл сөздер әйелдердің қоғамдағы орны тек әлеуметтік бағытпен шектелмей, елдің жалпы даму стратегиясымен өзектес екенін көрсетеді. Ауылдағы әйелдер – өңірлік экономиканың қозғаушы күші, ауыл шаруашылығы мен шағын бизнестің тірегі» – деді Серік Рахметоллаұлы.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева өз баяндамасында ауыл әйелдерінің әлеуметтік және экономикалық теңдігін қамтамасыз етудің мемлекеттік маңыздылығын атап көрсетті.​​​

Пленарлық отырыстың негізгі секциясы ауыл әйелдерінің табысты тәжірибелері мен инновациялық идеяларына арналды:

Ақтөбелік «Нұралы» ШҚ басшысы Кәмшат Төлеуова «Экономикалық серпін мен дәстүр сабақтастығы: ауыл әйелдерінің жаңа миссиясы» тақырыбында сөз сөйлеп, шаруашылықты басқарудағы әйелдің рөлін көрсетті.​
Қармақшы ауданы, Ақжар ауылының әкімі Нұржамал Тұрсынбаева ауыл әйелдерінің өңір дамуындағы үлесі туралы баяндама жасап, жергілікті басқарудағы табысты әйел көшбасшысының тәжірибесімен бөлісті.

Батыс Қазақстан облысынан келген кәсіпкер, Ақжайық аудандық мәслихатының төрайымы Ләззат Сейткереева «Қазақ әйелі: өмірде – нәзік, істе – мығым» деген ұранмен әйелдердің қоғамдық және іскерлік өмірдегі мықтылығын дәріптеді.

«Азия Қамыш» ЖШС басшысы Венера Тайлақбаева (Қазалы ауданы) қамыс өнеркәсібінің дамуы және Еуропа елдерімен қамыс экспортын жолға қою бойынша бірегей тәжірибесін ұсынды.​

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті Айнагүл Бегенова «Ауыл әйелдері үшін аграрлық ғылымға жол ашу: білім, инновация және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында ғылыми-инновациялық білімнің маңыздылығына тоқталды.

Форум ауыл әйелдері үшін білім, қаржыландыру және көшбасшылық тұрғысынан жаңа мүмкіндіктерді айқындап, тиімді тәжірибе алмасу алаңына айналды. Жиын қорытындысында барлық ұсыныстар мен бастамалар жинақталып, оларды алдағы уақытта іске асыру тетіктері белгіленді.


 

Алдыңғы мақала

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде әдеп нормалары жөнінде жиын өтті

Келесі мақала

Қайғылы оқиға. Түркістандағы алапат өрттен 12 адам көз жұмған

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі