• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 20 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қайғылы оқиға. Түркістандағы алапат өрттен 12 адам көз жұмған

Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылында алапат өрттен 12 адам қаза тапқан,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

18.11.2025
in Қоғам, Оқиғалар
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәліметтерге сүйенсек қайғылы оқиға 18 қараша күні сүндет той тойлау барысында орын алған.

Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде тоғыз баланың қазасына байланысты жазба жариялап, қайғылы оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Үйде екі отбасы, ата-аналар мен балалары бірге болған. Өрт шығып, соның салдарынан үйдің шатыры опырылып түскен», – деп жазды ол.

Оның айтуынша, өңірлік уәкіл психологиялық қолдау орталығының мамандарымен бірге оқиға орнына жолға шыққан.

Өрттен аман қалған үш адам қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы олардың барлығының жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

«Медициналық мекемелерге екі ересек пен бір бала жеткізілді. Үшеуі де жансақтау бөлімінде, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға қарқынды терапияның толық көлемі көрсетіліп, салалық мамандардың бақылауында», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сонымен қатар облыстық медициналық ұйымдардан қосымша мамандар жұмылдырылып, қажет дәрі-дәрмек пен психологиялық көмек толықтай қамтамасыз етілді.

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, өрттен қаза тапқан тоғыз баланың ең кішісі 2024 жылы туған. Қаза болғандар арасында 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған балалар бар.

Қайғылы жағдайда көз жұмған бес бала бір отбасынан болған. Үш қыз және екі ұл бала. Ал екінші отбасынан 2018 жылы туған бір қыз бала ғана аман қалған. Сондай-ақ екі ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енгізілді.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Әкімдікке өрт салдарынан қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу тапсырылды. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша шешімдер қабылданатын болады.

stan.kz

Алдыңғы мақала

Қызылордада «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты өңірлік ауыл әйелдерінің форумы өтті

Келесі мақала

«Өзгенің өмірі мен денсаулығын бәрінен жоғары қойған» -Әлназарова көз жұмған фельдшер туралы жазба жариялады

Оқи отырыңыз

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
Денсаулық

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
Мәдениет

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады
Қоғам

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Тәлім мен таным түйіскен тұс
Құқық

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы

Облыс әкімі Қармақшыдағы «Шакизада» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты

Өзекті жаңалықтар

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
Денсаулық

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, құқық қорғау...

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Тазалыққа үн қосқан ұжым

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
  • «Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
  • Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады
  • Тәлім мен таным түйіскен тұс
  • Тазалыққа үн қосқан ұжым
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі