• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Ауданда әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда 200-ге жуық астам қызметкер еңбек етіп келеді. Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сала қызметкерлерін аудан әкімдігінің мәжіліс залында арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

30.10.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

– Әлеуметтік қорғау жүйесі үлкен жауапкершілік, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін маңызды сала. Қоғамның тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқаты, ең алдымен, әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігіне және азаматтардың әлеуметтік кепілдіктермен қамтылу деңгейіне тікелей байланысты. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттік көмектің тиімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Қазіргі таңда аудан бойынша 9 342 зейнеткерге зейнетақы төленуде. Сонымен қатар мүгедектігі бар 3 444 азамат, асыраушысынан айырылған 983 адам және 3 556 көпбалалы ана мемлекеттік қолдаумен қамтылған. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларымен марапатталған 1 917 анаға тиісті қолдау көрсетілсе, 37 отбасының 218 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік төлемдер төленуде. Бұл көрсеткіштер аудан тұрғындарын әлеуметтік қолдаумен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең екендігін аңғартады. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында аянбай еңбек етіп жүргендеріңіз үшін Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін, — деді аудан әкімі.

Мерекелік қабылдауда әлеуметтік қорғау жүйесі саласының ардагері Жаппарберген Жалғасбаев пен Нұржамал Имандосова құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік лебіздерін білдірді.

Мерекелік жиында бірқатар сала қызметкерлері облыс және аудан әкімінің, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» мараптталды. Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаевқа «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» мерекелік медалі табысталды.

Салтанатты шара соңында аудан өнерпаздары ән шырқап, сала қызметкерлеріне мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Келесі мақала

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Құқық

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі