Байқауға қатысушыларға 2026 жылдан бастап 2056 жылғы өзіне және құрдастарына арналған жеке бейнеүндеу дайындау, есірткінің таралу мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдіру, интернет пен цифрлық технологиялардың дамуымен байланысты заманауи қауіптер туралы баяндау, сондай-ақ есірткісіз қоғамның болашағы жөнінде ой толғау ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша I орын Қазалы ауданының №276 орта мектебінің оқушысы Тыныштық Нұрайға, Қармақшы ауданының №85 орта мектебінің оқушысы Алиев Ақтілекке, Шиелі ауданының №219 орта мектебінің оқушысы Пернебек Айдынға және Шиелі ауданының №270 орта мектебінің оқушысы Жұман Дарынға берілді. II орын Қармақшы ауданының №199 орта мектебінің оқушысы Қазиева Мединаға, Арал ауданының №262 мектеп-гимназиясының оқушысы Махсұт Алтынайға, Жалағаш ауданының №119 орта мектебінің оқушысы Оңғар Шаттыққа және Қазалы ауданының №17 орта мектебінің оқушысы Рүстем Даянаға бұйырды. III орын Қызылорда қаласының №143 орта мектебінің оқушысы Еркін Айзереге, Қармақшы ауданының №272 орта мектебінің оқушысы Кунтуганова Наргизге, М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжінің студенті Әділханқызы Нурикамалға және Қармақшы ауданының №269 орта мектебінің оқушысы Жубатханова Аянға берілді.
Байқау қатысушыларға болашақ ұрпаққа үндеу жолдап, есірткінің таралуының зардаптары туралы ойлануға және қауіпсіз қоғам жөніндегі өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берді. Мұндай бастамалар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жеке жауапкершілігін нығайтуға және өз болашағына саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Бүгінгі таңда әр адамның жасаған таңдауы ертеңгі қоғамның келешегіне әсер ететінін ескере отырып, жастарды есірткісіз өмір салтын таңдауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді атсалысуға шақырады.









