• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Аудан аумағындағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, елді мекендер арасындағы қатынасты жақсарту және тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бағытында бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан көпірлерді қайта жаңғырту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Осыған орай бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан үш нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын тексерді, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

02.11.2026
in Әлеумет және экономика, Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

1976 жылы пайдалануға берілген бұл көпірге осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген. Арада жарты ғасырға жуық уақыт өткендіктен, көпірдің тіреу конструкциялары мен плиталары әбден тозып, кейбір бөліктері бүлінген. Сондықтан өткелді қайта жаңғырту қажеттілігі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі болатын.

Аталған көпірдің маңызы ерекше. Себебі ол Қожабақы, Жалпақ және Бекарыстан би елді мекендерінің тұрғындары үшін аудан орталығымен қатынасты қамтамасыз ететін маңызды көлік өткелі саналады. Әсіресе Сырдария өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, қалқымалы көпірлер алынатын кезеңде бұл өткелдің маңызы арта түседі. Осыған байланысты тұрғындар тарапынан көпірді жөндеу мәселесі бірнеше рет көтеріліп, оны қайта жаңғырту қажеттігі айтылып келген еді.

Биыл аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен аталған нысанды қайта жаңғыртуға қажетті қаржы бөлініп, мердігер мекеме – «Гүлнұр МК» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда ескі көпірдің тозығы жеткен бөліктерін алып тастау, сондай-ақ құрылыс кезеңінде тұрғындардың қатынасын қамтамасыз ету мақсатында канал арқылы уақытша өткел салу жұмыстары жүргізілуде.

Нысанды аралау барысында аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне құрылыс сапасына баса мән беруді тапсырды. Сонымен қатар ауа райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып, күн райы қатты суытқанға дейін құрылыс жұмыстарын барынша ілгерілету қажеттігін атап өтті.

Бұдан кейін Алмасбек Есмаханов Қожабақы ауылы маңындағы «Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолының 32,1-шақырымында орналасқан темірбетон көпірдің қайта жаңғырту жұмыстарын көрді.

Жаңадан салынып жатқан көпірдің ұзындығы 21,6 метрді, ал жүру бөлігінің ені 7 метрді құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Негізгі жұмыстардың басым бөлігі орындалып, нысанды пайдалануға беруге дайындық кезеңі басталған.

Бүгінде көпірдің жүру бөлігіне және кіреберіс аумақтарына асфальт төсеу жұмыстарына әзірлік жүргізілуде. Сонымен бірге көпірдің екі жағындағы қауіпсіздік қоршауларын орнату жұмыстары атқарылуда. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін бұл бағыттағы көлік қозғалысы едәуір жеңілдеп, жол қауіпсіздігі де арта түспек.

Аудан әкімі нысандағы жұмыс барысын бағамдап, қалған жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі құрылыс талаптарына сәйкес аяқтаудың маңыздылығын ескертті.

Сондай-ақ аудан басшысы Сырдария өзені арқылы өтетін Қарлан көпірінің құрылыс алаңына барып, негізгі конструкциялық элементтерді орнату және монтаждау жұмыстарының барысымен танысты.

Қарлан көпірінің құрылысы – ауданның жол қатынасын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Қазіргі таңда нысан аумағында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, көпірдің 84 қаданы қағу жұмыстары толығымен аяқталып, сегіз тіреудің барлығы орнатылған. Ендігі кезекте көпірдің негізгі аралық құрылымдарын монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар көпірдің бір бөлігін асфальттау жұмыстары аяқталған. Ал екінші бөлігінде асфальт төсеуге дайындық ретінде қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында жұмыс қарқынын арттыру мақсатында 30 арнайы техника мен 80 жұмысшы жұмылдырылған. Нысанның бас мердігері – «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС.

Аудан әкімі құрылыс алаңындағы жұмыстарды көзбен көріп, жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, жұмыс күшін тиімді пайдалану, сапа талаптарын қатаң сақтау және белгіленген мерзімде аяқтауға күш салу қажеттігін айтты. Сондай-ақ құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуы да назардан тыс қалмауы тиіс екенін жеткізді.

Жалпы, аудан аумағында қайта жаңғыртылып жатқан үш көпірдің де әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Өйткені жол қатынасының қолжетімділігі – елді мекендердің дамуына, тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Көпірлердің жаңаруы ауылдар арасындағы көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың аудан орталығына қатынауына, жедел жәрдем, төтенше жағдайлар және басқа да қызметтердің кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сапалы салынған көпірлер жол-көлік қауіпсіздігін арттырып, өңірдегі инфрақұрылымның жаңаруына серпін береді. Бұл – ең алдымен, ауыл тұрғындары үшін жасалып жатқан маңызды жағдайлардың бірі.

Аудан басшысы әрбір нысанның сапалы әрі уақытылы аяқталуы басты назарда болатынын атап өтіп, жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Ал мердігер мекемелерге белгіленген талаптарды қатаң сақтап, тұрғындар үшін маңызды жобаларды сапалы жүзеге асыру міндеттелді.

Алдыңғы мақала

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Оқи отырыңыз

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Құқық

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі