• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 31 қаңтар, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Бизнес

Бизнеске арналған цифрлы сервис дамып келеді

ҚР Қаржы министрлігі тың цифрлы қызметті – «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» жобасын қолға алған болатын. Қазір еліміздің кәсіпкерлері министрліктің ЭШФ, БСП, Кеден, ҚЕД, E-Qazyna-тізім, СӘАЖ және Qoldau сынды көптеген ақпарат жүйесімен жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

04.05.2025
in Бизнес
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл жүйелердің әрқайсысында жоғары мамандандырылған қызметтер жолға қойылған. Алайда олардың бар екені жайлы және мүмкіндіктері туралы барлығы бірдей білмейді. «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» (КБЖК) жобасы аталған жүйелердің барлығын біріктіріп, бірыңғай платформа түрінде қызмет көрсетуге арналған.
Осы арқылы кәсіпкерлер барлық негізгі мемлекеттік әрі квазимемлекеттік платформаларға қол жеткізіп пайдалана алады. Бұл қажетті процестерді айтарлықтай жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге септеседі.
Бірыңғай жеке кабинетті енгізу ұлттық цифрлы трансформация аясында жүзеге асырылып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың бір бөлігі болып саналады. Бұл мемлекет пен бизнестің арасындағы іс-қимылдың жаңа мәдениетін қалыптастыруға жасалған қадам.
КБЖК кәсіпкерді тіркеуден бастап салық жеңілдіктерін алу мен сатып алуға қатысуға дейінгі іскерлік процестің барлық циклін қамтиды. Аталған кабинеттің көмегімен салық есептілігін беруге, артық төлемді қайтаруға, төлемдерді нақтылауға, салық режімін өзгертуге және бюджетпен есеп айырысуларды бақылауға болады. Яғни, барлығын электронды форматта мемлекеттік органдарға бармай-ақ іске асыруға болады.
Сондай-ақ қолданушылардың жайлы қызмет алуына ерекше назар аударылып отыр. Осыған байланысты баршаға түсінікті болатындай платформаның интуитивті дизайны таңдалып, ол барлық қажетті сынақ пен тексерістен өткізілді.
Қызмет көрсету сапасын бұдан да күшейту үшін веб-нұсқаның барлық функционалын сақтайтын мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Ол App Store және Play Market-те қолжетімді болады. Осы арқылы қолданушылар қажетті қызметті еліміздің кез келген жерінен тәулік бойы ала алады.
Бүгінде жоба даму сатысында тұр, содай-ақ сыртқы платформалармен интеграция аяқталып, интерфейсті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті отандық бизнестің қажеттіліктеріне бағдарланған және мемлекетпен ашық, қолжетімді және заманауи түрде өзара байланысты қалыптастыруға арналған тиімді цифрлы инфрақұрылымды құрудағы маңызды кезең болып саналады.

Алдыңғы мақала

Қазақстанда жыл басынан бері 150-ге жуық білім беру нысаны ашылды

Келесі мақала

Ірі сауда желілеріндегі отандық тауарлардың үстемдігі артып келеді

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
Саясат

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды
Құқық

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
Қоғам

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Бояу бетіндегі болмыс

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

0

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа...

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
  • Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
  • Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды
  • Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
  • Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі