• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Қазақстанда жыл басынан бері 150-ге жуық білім беру нысаны ашылды

Елімізде білім беру инфрақұрылымын жаңғырту қарқынды жүргізілуде. 2025 жылдың басынан бері елімізде мектепке дейінгі, орта, арнайы, инклюзивті және қосымша білім беру салаларында 150-ге жуық жаңа нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

04.05.2025
in Білім
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Тек мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде соңғы төрт айда 126 ұйым пайдалануға беріліп, шамамен 8,5 мың жаңа орын ашылды. Ал балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған кеңес беру пункттерінің саны 4 100-ге жетті. Мұнда ата-аналарға баланы үй жағдайында тәрбиелеу және дамыту бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі. Бүгінде өңірлерде 267 мың оқушы орнына арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жаңа форматтағы үш мектеп ашылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 23 мектепте реновация жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға ғимарат қасбеттерін жаңарту, шатырлар мен терезелерді ауыстыру, су және электр жүйелерін жаңғырту, сондай-ақ мектеп аумағын абаттандыру кіреді. Жалпы, 2027 жылдың соңына дейін ұлттық реновация бағдарламасы аясында 1 231 мектеп жаңартылады деп жоспарлануда. Инклюзивті және арнайы білім беру саласында үш жаңа мекеме ашылды. Соның ішінде Ұлытау облысындағы аутизм орталығының іске қосылуына байланысты арнайы мекемелер саны 496-дан 504-ке жетті. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептер жанынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 121 қолдау кабинеті ашылды. Қазіргі таңда еліміздегі мектептердің 90 пайызы инклюзивті білім беруге қажетті жағдайлармен жабдықталған.

Ірі жобалар қатарында – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында ашылған алты қосымша білім беру нысаны бар. Ал маусым айында Ақтөбе және Жетісу облыстарында екі заманауи балаларды сауықтыру орталығы іске қосылады.

Алдыңғы мақала

Қызылордада балабақша тәрбиешісі ерекше балаға қорлық көрсеткен

Келесі мақала

Бизнеске арналған цифрлы сервис дамып келеді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі