• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Бруцеллез аурушаңдығы төмендеді

Бруцеллез – адамдар мен мал арасында кездесетін жұқпалы ауру. Бруцеллезге барлық үй жануарлары шалдығады, соның ішінде қой, ешкі, ірі қара малы. Көп жағдайда адамдардың бруцеллезді жұқтыруына қой мен ешкі себеп болады,- деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

09.09.2025
in Денсаулық
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ауру мал іш тастағанда бөлінетін сұйық заттарымен, өлі түскен төлмен бірге бруцеллездің қоздырғыштары сыртқы ортаға тарап, жайылым, қора, құрал-сайман, шөп, су ластануы мүмкін. Бруцеллез ауру малдың ет-сүт өнімдерін шикі немесе термиялық өңдеуден өткізбей пайдаланғанда, сонымен қатар резеңке қолғапты пайдаланбай ауру малды сою, қырқу және терісін өңдеу кезінде жұғады.
Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша бруцеллезге шалдыққан 13 науқас есепке алынды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге төмендеді. Ауруға шалдығу деректері Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Шиелі аудандарында анықталды. Бруцеллезді жұқтырғандар арасында ауыл тұрғындарының үлесі 69,2% құрады. Ауру ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болған 44 адам тексерумен қамтылды. Нәтижесінде 1 оң нәтиже анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Аурудың клиникалық белгілері – бұлшық ет ауырсынып, тәбет төмендейді, түнге қарай қатты тершеңдік пайда болады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы, буындары ауырып, әлсіздік пен ұйқысыздық болады. Науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда ауру асқынып, мүгедектікке әкеліп соқ¬тыруы мүмкін. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бруцеллез ауруының алдын алуда уақ малды төлдету, жүнін қырқу, оларға күтім жасау кезінде арнайы киім мен резеңке қолғапты қолдануға және ет-сүт өнімдерін термиялық өңдеуден міндетті түрде өткізіп, пайдалануға кеңес береді.

Гульмира Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

Фото: qamwy.kz

Алдыңғы мақала

Жантүршігерлік оқиға. Түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап, өлтірген

Келесі мақала

Комиссия отырысы: Қазалыда күзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстары пысықталды

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі