• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 31 қаңтар, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

“Дәрігерлер қарамаған”. 30 жасар келіншектің баласы жатырда жан тапсырған

Шымкентте босануға санаулы күндер қалғанда нәресте ананың ішінде шетінеп кеткен.Марқұм сәбидің туыстары медицина қызметкерлерін әрекетсіздік танытты деп айыптап, оқиғаны толық тергеуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

09.12.2025
in Денсаулық
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Almaty.tv арнасының хабарлауынша қайғылы жағдай қалалық №2 ауруханада болған. 30 жастағы Назерке Пірімбетова перзентханаға алдын ала жатқызылған.
Туыстарының айтуынша, ол бір айдан аса бақылауда жатқанымен, жағдайы күн өткен сайын нашарлаған. Әйел бірнеше рет көмек сұрағанымен, дәрігерлер оған «шыдаңыз» деп қана жауап берген. Нәтижесінде ол сәбиін құшағына алмақ түгілі, көре де алмады — бала анасының жатырында жан тапсырыпты.

«Оны бес-алты рет тексерді, КТ-сы үнемі нашар болды. Түнде мазасы қашып, қиналды. Мұның бәрін дәрігерлерге айттық, бірақ ешкім дұрыс қарамады. Соңы осылай аяқталды — мен өз баламнан айырылдым», — деді әйелдің күйеуі Абай Бердібек.

Туыстарының айтуынша, қайғылы жағдайдан кейін дәрігерлер не болғанын түсіндіре алмаған. Керісінше, жауапкершілікті өздерінен алыстатып, «бала толық дамымаған» деп шығуға тырысқан.

Сонымен бірге, медперсонал әйелді журналистермен сөйлеспеуге үгіттеп, палатада ұстап отырғаны айтылады.

«Палатаға кірсем, онда бас дәрігердің міндетін атқарушы, акушерлер, медбикелер, тіпті тергеуші жиналып алған. Сестрамды баланы моргқа бермеуге үгіттеп жатыр. Онда баланы жарып тастайды деп қорқытты. Меніңше, олар тексеруден қашып, істі жабуға тырысты», — дейді әйелдің ағасы Асанәлі Пірімбетов.

Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция медициналық қызметкерлердің әрекетін зерттеп жатыр. Нәрестенің денесі, плацента мен кіндікбауы сараптамаға жіберілген. Мамандар сәбидің нақты неден өлгенін анықтауы тиіс. Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастапқыда жоспарлы кесар тілігін жасауды көздегенін мәлімдеді.

«Осы аптада кесар тілігін жасау жоспарланған еді — жатырішілік дамуды аяқтау үшін ұрықтың өкпесін дайындау қажет болды. Алайда плацентаның қан тамырларындағы ақаулар салдарынан оның қызметі бұзылып, 3-нен 4 желтоқсанға қараған түні ұрықтың антенатальды өлімі тіркелді», — деді басқарма өкілі Инна Глазебная.

Қайғылы оқиғадан кейін перзентханада бақылау күшейтілді. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жағдайдың барлық мән-жайын тексеріп жатыр.

smartnews.kz

Алдыңғы мақала

Әйтеке би кентінде жаңа қонақ үй іске қосылады

Келесі мақала

Студенттер арасында “заң мен тәртіп” қағидасы аясында іс-шара өтті

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
Саясат

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды
Құқық

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
Қоғам

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Бояу бетіндегі болмыс

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

0

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа...

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
  • Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
  • Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды
  • Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
  • Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі