Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек мәлімдеді.
— 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында облысымызда өнеркәсіп, инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларында тұрақты өсім байқалды. Облыс кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі артып, өңдеу өнеркәсібінде 17 пайызға жуық өсім тіркелді. Бұл — металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ұлғаюымен байланысты. Біз жыл соңына дейін 20-дан астам жобаны жүзеге асырып, 500-ден астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл тек жаңа жұмыс орындары емес, сонымен қатар экономиканың сапалы әрі орнықты дамуына қосылған нақты үлес. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары мен тұрғын үй тапсыру көлемі артты. Ауыл шаруашылығында да оң көрсеткіштер бар. Ет, сүт, жұмыртқа өндірісі артып, ішкі нарықпен қатар сыртқы нарыққа да бағытталып жатыр. Қазіргі таңда өңірде 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп тұр. Алты айда 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, соның 6 мыңнан астамы — тұрақты. Бұл — халықтың табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар. Біз осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз,- деді Сәкен Салхадинұлы.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі