Аталған шараның мақсаты – аудан шаруаларының өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсыну және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Бекітілген кестеге сәйкес, жәрмеңкеге Қазалы ауданына қарасты қала, кент және ауылдық округтерден, сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілерден барлығы 30 автокөлік тартылып, 45 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді.
Сатылымға күріш – 4 тонна, сүт өнімдері – 0,4 тонна, ет – 1,8 тонна, балық өнімдері – 1,2 тонна, картоп және көкөніс өнімдері – 36 тонна, кондитерлік өнімдер – 1 тонна, «Қазалы конфеті» өнімдері – 0,5 тонна көлемінде ұсынылды.
Жәрмеңкедегі барлық өнімдер нарық бағасынан 20-30 пайызға төмендетілген бағамен сатылып, Байқоңыр қаласының тұрғындарына тиімді мүмкіндік тудырды.
Іс-шараға Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Летягин Сергей Павлович, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Шайхысламов Жан Шайхысламұлы қатысып, ұйымдастырылған жәрмеңкеге оң бағасын берді.










