• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ғани Мұратбаев ауылында жаңа мешіт ашылды

Бүгін Ғани Мұратбаев ауылында бірлік пен ынтымақтың, имандылық пен бауырмашылдықтың рухани қайнар көзі – «Қуандық Әулие» атындағы жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

08.11.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Имандылық үйінің ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, ізгілікке, мейірбандылыққа шақыратын мешіт қызметінің маңызы зор екендігіне тоқталып, ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

Мешіт – кез келген адам баласын тіліне, нәсілі мен ұлтына қарап бөле-жармай бір жерге тоғыстыратын құтты мекен. Жас ұрпақ бойына имандылық қасиет ұялату үшін мешіттердің атқарар рөлі зор. Өйткені, мешіт – ғылым, білім, тәрбие мен тағылым, иманның ордасы. Жүрегі ізгілікке толы жандардың аманатымен, бастамасымен қолға алынған «Қуандық Әулие» атындағы мешіттің бой көтеруіне ауыл халқының жасаған еңбегі орасан. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» ауызбіршіліктің ерен үлгісін көрсетіп, имандылық үйінің салынуы жолында аянбай тер төккен азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін. Жаңа мешіттің ынтымақ пен рухани достыққа шақыратын орынға, имандылық жолындағы рухани білім ошағына айналуына тілекшімін. Баршаңызды жаңа мешіттің ашылуымен тағы да құттықтап, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін, — деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Аудан басшысынан кейін Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев арнайы келіп, жаңа мешіт халықтың рухани жаңғырып өркендеуіне үлес қосатын, жастарды жақсы бағытта тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік беретін орын екенін жеткізді.

Игі шарада «Қуандық Әулие» атындағы жаңа мешіттің салынуына үлес қосқан ауыл азаматтарына аудан әкімнің және облыстың бас имамының «Алғыс хаты» табысталды.

Айта кетейік, Ғани Мұратбаев ауылындағы «Қуандық Әулие» атындағы мешіт 2003 жылы ашылған болатын. Мешіттің ескіруіне байланысты бүгінде ауыл азаматтарының ауызбірішілігімен жаңа мешіт бой көтеруде.

Алдыңғы мақала

«Заң мен Тәртіп»: Қызылордада қоғамдық қабылдау өткізілді

Келесі мақала

Байқоңыр қаласында Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі