• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 ақпан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Жасөспірімдерге түсіндірме жұмысы жүргізілді

Кері іс пен теріс шешімнің салдары сан соқтыратыны рас. Әсіресе, жасөспірімдер арасындағы жаға ұстатар жағдайлардың алдын алу – күн тәртібінен түспеуі керек мәселе.

06.02.2026
in Құқық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұған бейжай қарамаған Қызылорда облысының прокуратурасының бастамасымен ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде колледж студенттеріне экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты сол, қылмыс атаулыдан аулақ болуға шақырып, бостандықтың қадірін сезіндіру.

Оқу ордасынан келген отыз шақты студент мекеменің жұмыс тәртібімен, қауіпсіздік талаптарымен және шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілердің орналасқан жатақханасын аралап, жан-жақты барлады. Қатаң режимдегі ортаның жастарға терең ой салғаны анық.

Оның үстіне, мекеме қызметкерлері де ашық әңгіме өрбітуде аялдап қалмады. Мәселен, мекеменің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов ала жіпті аттамай, адал өмір сүрудің артықшылығына тоқталып, бұрыс жолдың болашақты бұлыңғыр ететінін баяндады.

– Қылмыссыз қоғам құруда әр азаматтың рөлі зор. Қазір килігудің соңы да бітіспес дауға айналып барады. Сондықтан профилактикалық шараларды жиі өткізуге басымдық беріп келеміз. Студенттерге өткізілген экскурсия да сөзімізге тұздық. Тәртіпке бағыну – талай кеселге тосқауыл бола алады. Мұны жас буынға түсіндіруде тосылып қалмадық, — дейді мекеменің режим және күзет бөлімінің бастығы әділет капитаны Азат Батырбеков.

Студенттер өмірлік бағыт-бағдар берген жүздесуден терең оймен тарқасты.

Алдыңғы мақала

Сыр төрінде «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті.

Келесі мақала

Жемқорлықты жүгендеудегі ортақ мақсат

Оқи отырыңыз

Черновик
Әлеумет және экономика

15 Наурыз

Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді
Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді

Қызылордада мүгедектігі бар әйелдерді қолдау шаралары нақты нәтиже беруде
Қоғам

Қызылордада мүгедектігі бар әйелдерді қолдау шаралары нақты нәтиже беруде

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті
Құқық

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті

Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді

Телемост: таңдау таразысындағы тағылым

Қауіпсіздік мәдениеті – ортақ міндет

Ойын ойнап, қазақ тілін үйреніп ал!

Маман сертификатын алу үшін қандай талаптарды білу керек?

Өзекті жаңалықтар

Черновик
Әлеумет және экономика

15 Наурыз

0

Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді

Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді

Қызылордада мүгедектігі бар әйелдерді қолдау шаралары нақты нәтиже беруде

Қызылордада мүгедектігі бар әйелдерді қолдау шаралары нақты нәтиже беруде

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті

Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді

Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • 15 Наурыз
  • Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді
  • Қызылордада мүгедектігі бар әйелдерді қолдау шаралары нақты нәтиже беруде
  • Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті
  • Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі