• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 10 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Маман сертификатын алу үшін қандай талаптарды білу керек?

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен көрсетіледі.

11.02.2026
in Құқық
0
500
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл қызмет жеке тұлға біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы салалық біліктілік шеңберінде және кәсіптік стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау рәсімі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындықты қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындығын айқындау болып табылады. Ал денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты – жеке тұлғаның біліктілігін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындығын растайтын, белгіленген үлгідегі құжат болып табылады.

Сертификаттауға тек белгіленген талаптар бойынша білім мен дағдыларды, кәсіби даярлықты бағалаудан өткен жеке тұлғалар жіберіледі және ол мамандықтар мен мамандандырулар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтің бұл түрі толық автоматтандырылған, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ақысыз негізде көрсетіледі. Қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Барлық талаптар орындалған жағдайда маман сертификаты беріледі, керісінше жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
Мамандығы бойынша еңбек қызметінде 5 жылдан астам үзілісі бар мамандар маман сертификатын алу үшін өтініш берілген мамандану бойынша жалпы көлемі кемінде 180 сағат біліктілікті арттырудан және Білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өтеді.
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта білімі бар мамандар сертификаттың қолданысын растау үшін қосымша білім беру қағидаларына сәйкес өтініш берілген мамандану бойынша жалпы көлемі кемінде 120 сағат біліктілікті арттырудан өтеді.
Қызылорда облысы бойынша 2025 жылы келіп түскен өтініштердің барлығы Департамент мамандарымен зерделеніп, 101 сертификат беріліп, заңнамада көрсетілген негіздер бойынша 33 өтінішке дәлелді бас тарту жасалды.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

Алдыңғы мақала

«Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында көрме әзірлеу байқауы өтті

Келесі мақала

Ойын ойнап, қазақ тілін үйреніп ал!

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Білім

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі