• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 1 ақпан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – басты назарда

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

29.11.2025
in Құқық
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Әйтеке би кентіндегі Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінде өткен жиынға Қазалы ауданы прокурорының міндетін атқарушы Биқожа Жұмаш, комиссия мүшелері, мектеп директорлары, колледж студенттері мен мұғалімдері қатысты.

Көшпелі комиссия отырысын жүргізіп отырған комиссия төрағасы Дәурен Тлеумбетов көшпелі комиссияның маңызы жөнінде айтып өтіп, күн тәртібіндегі мәселелерге кеңінен тоқталды.

— Бүгінгі жиынның басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы бағытындағы жұмыстардың жай-күйін жан-жақты қарастыру, қиын өмір жағдайындағы жасөспірімдерге көрсетілетін қолдаудың сапасын арттыру, сондай-ақ мектеппен, ата-аналармен және жергілікті ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту жолдарын анықтау. Балалар – біздің болашағымыз. Сол себепті олардың амандығы мен құқықтарының толыққанды қорғалуы – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі таңда жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, оларға қатысты кибербуллинг әрекеттері өте өзекті болып отыр. Сондықтан да жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, профилактикалық шараларды жүйелі жүргізуіміз қажет, — деді комиссия төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы.

Басқосуда аудан прокурорының міндетін атқарушы Биқожа Жұмаш сөз сөйлеп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуда бірлесіп жұмыс атқарылу қажеттігін айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жоспарға сәйкес жүргізу керектігін жеткізді.

Комиссияда аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Мархабат Бегалиева Қазалы ауданында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар туралы, Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Мұрат Таңжарықов колледжде студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы міндеттер жайындағы жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар комиссияда аудандық полиция бөлімінің ұсынысы қаралды.

Комиссия отырысын қорытындылаған Дәурен Оңғарбайұлы отырыста қаралған әрбір мәселенің хаттамасын рәсімдеп, тиісті органдарға таратылуын тапсырады. Сондай-ақ берілген әрбір тапсырманың нәтижелі орындалуы тікелей өзінің бақылауында болатынын жеткізді.

Алдыңғы мақала

Президент: “Еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды”

Келесі мақала

Аудан әкімі баға тұрақтылығына бақылау жүргізді

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
Саясат

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды
Құқық

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
Қоғам

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Бояу бетіндегі болмыс

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

0

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа...

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
  • Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
  • Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды
  • Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
  • Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі