• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданының әкімі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарын көрді

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы теміржол вокзалына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, мердігер мекеменің басшысымен кездесті. Бұған дейін аудан басшысы аудандағы теміржол мекемелерінің басшыларымен кездесіп, теміржол вокзалының құрылысы мен теміржол мекемелеріне қатысты бірқатар мәселелерді талқылаған болатын,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

09.10.2025
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстарын «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС жүргізуде. Бүгінде эскиздік жобаға сәйкес, ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын нығайту, шатырын ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту сынды ауқымды жұмыстар атқарылды. Ендігі жобаға сәйкес жолаушыларға арналған күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік жүйелерін орнату, сондай-ақ вокзал аумағын көгалдандыру және брусчатка төсеу сынды жұмыстар атқарылуда.

Аудан басшысы вокзал ғимаратын аралау барысында теміржол вокзалының сырт келбетіне, ондағы жолаушылар мен тұрғындарға жасалған жағдайға қарап өңір имиджі қалыптасатынын айтып, ғимараттың аумағындағы санитарлық тазалық мәселесінде басты назарда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС-нің басшысы Қайрат Ерназаровқа вокзал ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін тезірек әрі сапалы аяқтау керектігін айтып, жұмыстар ұдайы бақылауда болатынын ескертті.

Теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу – бұл уақыт талабы және стратегиялық маңызды қадам. Бұл жоба көлік қатынасының тиімділігін арттырып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізетін болады.

Айта кетейік, бүгінде «Қазақстан Темір жолы» компаниясы тарапынан қаржы бөлініп, мердігер мекеме — «ҚазТеміржол Engineering» ЖШС тарапынан вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірініңде құрылысы жүргізілуде.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының әкімі әлем чемпионына құрмет көрсетті

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Оқи отырыңыз

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Спорт

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
Саясат

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Қоғам

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі