• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың ауылдық округтерді аралап, тұрғындарымен кездесулері Басықара, Құмжиек, Жалаңтөс батыр ауылдарында жалғасты,- дғп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

09.10.2025
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан басшысы алдымен Басықара ауылына барып, тұрғындарымен кездесіп, ондағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Тұрғындармен кездесу барысында Алмасбек Әбілқасымұлы ауданда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан бірқатар жобалар жайында сөз қозғап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабының жанында өткен басқосуда елді мекен жұрты да бірқатар түйткілдерді тілге тиек етті. Атап айтсақ, көпшілік округ ішіндегі жолдарды жөндеу, спорт кешенін салу, су ұңғымасын қазу, дәрігерлік амбулатория, балабақша жөндеу жұмыстарын жүргізу сынды мәселелерді ортаға салды.

Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, сұрақтарға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша алдағы уақытта заңдылыққа сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыс жасалатындығын жеткізді.

Тұрғындармен кездесу мұнан соң Құмжиек пен Қарашеңгел ауылдарында жалғасын тапты. Аудан басшысы қос ауылда өткен кездесуде алдағы уақытта аудан халқының игілігі үшін жасалатын жұмыстарды сөз етіп, ауыл халқының ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығын аудан басшысы мұқият тыңдап, барлығына да нақты жауап берді. Халықтың айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Айта кеткен жөн, аудан басшысы халықпен кездесулер барысында үш ауылдыңда мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория сынды әлеуметтік нысандарын аралап, қысқы жылу беру маусымына дайындықтарын қадағалады. Мекеме басшыларына жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына байланысты орын алған кемшіліктер бойынша шұғыл жұмыс жасап, жылу беру маусымы еш кедергісіз өткізу керектігін ескертті.

Аудан әкімі округтерге жасаған жұмыс сапарында Басықара ауылындағы Т. Мұсабаев көшесіне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстары мен Қарашеңгел ауылдық округтеріндегі Жалаңтөс батыр және Ә.Тлеубаев көшелеріне жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Мердігер мекеме басшысы мен тиісті сала басшыларына жол құрылысын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының әкімі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарын көрді

Келесі мақала

Қызылордада түрмеге телефонды нанның ішіне жасырып өткізбек болған азамат әшкере болды

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі