• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мерейлі отбасы 2025: Облыстық кезеңнің жеңімпаздары анықталды

Отбасы - өнегенің өзі, тәрбиенің көзі. Оттың басында бойыңа сіңген тәлім-тәрбие бүкіл бітім-болмысыңды айшықтайды. Қазақтың тәрбиесі қалпыңды қалыптастырмаса, қадіріңді қашырмайтыны анық. Ақылдың кені болған ақсақалдар мен тәлімнің тетігі болған аналарымыздан үлгі-өнеге жұғым еткеннің ісі ілгерілеп, тіршілігі татымды болары хақ. “Бесікте жатқаныңда-ақ берген білім” дегендей тәрбиенің түп тамыры шаңырақта. Ал “Мерейлі отбасы” байқауы берекесі ұйысқан шаңырақтарды насихаттауға бағытталған. Биыл 11-ші рет өткізілгелі жатқан байқаудың тамыры тереңде. Бүгін ұлттық байқаудың облыс кезеңінің жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

19.09.2025
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысып, отбасылық құндылықтың маңызы мен тәрбиелік тағылымы туралы орамды ойын жеткізді. Сондай-ақ республикалық кезеңге жолдама алған отбасыларды марапаттады.

— Отбасы – ұрпақтар сабақтастығы мен адам бойындағы рухани-адамгершіліктің бастауы. Тек берік отбасылық дәстүрге орныққан ел ғана мызғымас мемлекет бола алады. Елдің бірлігі мен ынтымағы ең алдымен отбасыдан бастау алады. Әке – шаңырақ иесі, ана – отбасының жүрегі, бала – ертеңгі болашағымыз. Осы үштаған бірлікте болса, мемлекетіміз қуатты, қоғамымыз тұрақты болады. Ұлт қайраткері Мағжан Жұмабаевтың «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн» — деген тағылымды сөзі бар. Сіздер өнегелі ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Барлығыңыз да шынайы құрмет пен мәртебелі мадаққа лайықтысыздар. Өңірлік комиссияның шешімімен Республикалық конкурста Жақсылық Дүйсенбайұлы Әбсадықовтың отбасы облысымыздың мерейін үстем етеді. Бүгінгі мерейлі күнде шаңырағында ізгі қарым-қатынас, игі дәстүрлер сақталып, өзара сыйластық салтанат құрған барлық отбасыға ризашылығымызды білдіреміз. Салтанатты сәтте әрбір отбасына жарасымдылық, шаттық, амандық пен бақ-береке тілеймін! Ата жолын жалғастырар мерейлі ұрпақ көбейе бергей,- деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Конкурс қорытындысымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпазы болып Әбсадықовтар отбасы (Сырдария ауданы) танылып, бас жүлде иеленді. Аралдық Жақыповтар отбасына І орын, қармақшылық Әбілтаевтар әулетіне ІІ орын, қызылордалық Арысбаевтар отбасына ІІІ орын берілді.

Алдыңғы мақала

Ұлт саулығы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тұрақты бақылауында

Келесі мақала

«Мерейлі отбасы — 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің берекелі отбасы номинация иегері — Қазалылық «Балтөреевтер отбасы»

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі