• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ұлт саулығы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тұрақты бақылауында

Қазақстан аумағында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінің пайда болуы елдің батыс өңірінде оба індетінің өршуіне байланысты болды. Қызмет дамуының жаңа кезеңі 1922 жылдың қыркүйегінде «Республиканың санитариялық органдары туралы» Декреттің қабылдануымен басталды. Санитариялық қызметтің дамуында 1925 жылы Қызылордада ашылған Крайлық санитариялық-бактериологиялық институттың маңызы зор болды. Онда республика үшін өте маңызды эпидемиология, паразитология, вирусология және инфекциялық патология мәселелері бойынша жұмыстар атқарылды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

19.09.2025
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

1950 жылдың маусым айында Қызылорда қалалық санэпидстанция негізінде облыстық санэпидстанция құрылды. Білікті мамандармен толыққан СЭС қызметі сол кездері талай төтенше жағдайларды жойды. Атап айтқанда, 1977-1978 жылдары «А» вирусты гепатиті Тереңөзек, Жалағаш, Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарында эпидемия түрінде тіркелді. Осы инфекцияны тоқтатуда аймақ мамандары зор еңбек атқарды.
Айрықша атап өтетін жағдай — өткен ғасырдың 70-жылдар аяғында өңірлік СЭС Арал проблемасын алғаш көтеріп, ресми құжаттардың дайындалуына тікелей қатысты. Нәтижесінде Арал өңірі экологиялық аймақ ретінде танылды.
Ауылдық елді мекендерде селолық тұтынушылар кооперативтерін (СТК) еңгізуге СЭС қызметі мұрындық болды. Облыс көлемінде «Тазалық», «Таза су» бағдарламаларын енгізуге, оларға қаралған іс-шаралардың орындалуына тікелей атсалысты.
Кешегі коронавирус пандемиясы уақытнда эпидемиологиялық ахуал күрделенген кезде жоғары кәсібиліктің, асқан жауапкершілік пен төзімділіктің айқын үлгісін көрсете білді. Мамандардың қажырлы еңбегінің арқасында еліміз коронавирус инфекциясы сынды қауіпті жауға қарсы барлық қиындықты еңсеріп, жарқын күндерді жақындатуға күш салды.
Бұл бағыттағы ілкімді істер қарқыны бәсеңдеген жоқ. Түрлі инфекциялық, паразитологиялық қауіпті ауруларды болдырмауға, тағамнан уланулар мен кәсіби аурулардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдер саулығын сақтау, ауыз су мен атмосфералық ауа, өнімдер қауіпсіздігін мониторингтеп, халықтың санитариялық саламаттылығын сақтау бағытында білек сыбана кірісіп, жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі ресми 15 қыркүйекте алғаш рет ресми бекітілген кәсіби мерекені атап өтуде. Осыған орай Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, «Ұлттық сараптама орталығының» облыстық филиалы, Обаға қарсы күрес станциясы мен Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы бірігіп, салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Сала мамандарына құрмет көрсетіліп, қызметте жоғары жетістіктер көрсеткен қызметкерлер мараптталды.

Гульмира Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

Алдыңғы мақала

Кәсіби орта мен отбасы: ортақ ахуал үндестігі

Келесі мақала

Мерейлі отбасы 2025: Облыстық кезеңнің жеңімпаздары анықталды

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі