• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалыда «Ғұмырын білімге, жүрегін ұрпаққа арнаған…» атты мерекелік шара өтті

Бүгін Қазалы ауданында ұрпаққа тағылымды тәрбие, озық білім беру ісінде зор жауапкершілікті атқарып жүрген мәртебелі мамандық иелерінің төл мерекесіне орай салтанатты шара өтті,-деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

03.10.2025
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ғұмырын білімге, жүрегін ұрпаққа арнаған…» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

— Ұстаз – адам бойындағы асыл қасиеттерді оятып, ұрпақ санасына білім мен парасаттылықты сіңіретін, елдің ертеңін қалыптастыратын ұлы тұлға. Аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген барша ұстаздар қауымына аудан жұртшылығының, Өзімнің атымнан шынайы алғысымды айтамын. «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірімен қазыналы Қазалы ауданында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда. Биылғы жылдың басында Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Келешек мектебі» пайдалануға берілсе, аудандағы білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Сонымен бірге биыл аудандағы №234, 70, 266, 249, 98, 165, 88, 216, 95 сынды 9 мектепке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы жаңа оқу жылына дейін толық аяқталды. Бүгінде ауданымызда 38 білім ошағы, ал жалпы ауданымыздағы білім беру ұйымдарында 2500-ден астам ұстаз жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде толымды жұмыс жасауда. Оның ішінде 6 «педагог-шебер» ұстазымыз бар, бұл көрсеткіш аудандар арасында алдыңғы орында. Биылғы оқу жылына 10 мұғалім «педагог-шеберге» үміткер атанып отыр. Өткен оқу жылында аудан бойынша 11-ші сыныпты 944 оқушы тәмамдаса, оның 859-ы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. Қуантарлығы сол, оның ішінде 543 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды.
Өткен оқу жылында мектеп бітіруші 100 түлек «Алтын белгі» белгісін иеленіп, оқушыларымыз облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері атануда. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» десек, бұл көрсеткіштерге жетуде мұғалімдердің жасап жатқан еңбегі ұшан-теңіз, — деді аудан әкімі.

Мерекелік шарада білім саласында толағай табысқа жетіп, шәкірттерді шыңға шығарып жүрген бірқатар ұстаздар марапат төрінен көрінді. Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігі, облыс, аудан әкімінің, білім басқармасының «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапатталды. Ал, Ақтан батыр ауылындағы №190 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Алтынгүл Мұратбайқызы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі және бірқатар ардагер ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды. Марапаттау рәсімінен кейін мерекеге орай сахна төріне аудан әкімінің ықылас гүлі шығарылып, барша ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Ұлағатты ұстаздардың құрметіне арналған көңілді кеште аудан өнерпаздарымен бірге өнерді жанына серік еткен аяулы ұстаздар мен өнерлі оқушылар ән-күйден шашу шашып, көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады.
@актуальное

Алдыңғы мақала

Қызылордада қақпа алдында кездесу шарасы өтті

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті

Оқи отырыңыз

Қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылған
Оқиғалар

Қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылған

30 градус аяз: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
Қоғам

30 градус аяз: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті
Саясат

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті

2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарлануда
Қоғам

2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарлануда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарлануда

Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды

Студенттер арасында “заң мен тәртіп” қағидасы аясында іс-шара өтті

“Дәрігерлер қарамаған”. 30 жасар келіншектің баласы жатырда жан тапсырған

Әйтеке би кентінде жаңа қонақ үй іске қосылады

Қазалы ауданының әкімі прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Өзекті жаңалықтар

Қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылған
Оқиғалар

Қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылған

0

Қазір баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері үй-жайларды аралап тексеру жұмысын жүргізуде, бейнебақылау...

30 градус аяз: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

30 градус аяз: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті

2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарлануда

2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарлануда

Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды

Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылған
  • 30 градус аяз: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
  • Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті
  • 2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарлануда
  • Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі