• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалыда «Ғұмырын білімге, жүрегін ұрпаққа арнаған…» атты мерекелік шара өтті

Бүгін Қазалы ауданында ұрпаққа тағылымды тәрбие, озық білім беру ісінде зор жауапкершілікті атқарып жүрген мәртебелі мамандық иелерінің төл мерекесіне орай салтанатты шара өтті,-деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

03.10.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ғұмырын білімге, жүрегін ұрпаққа арнаған…» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

— Ұстаз – адам бойындағы асыл қасиеттерді оятып, ұрпақ санасына білім мен парасаттылықты сіңіретін, елдің ертеңін қалыптастыратын ұлы тұлға. Аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген барша ұстаздар қауымына аудан жұртшылығының, Өзімнің атымнан шынайы алғысымды айтамын. «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірімен қазыналы Қазалы ауданында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда. Биылғы жылдың басында Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Келешек мектебі» пайдалануға берілсе, аудандағы білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Сонымен бірге биыл аудандағы №234, 70, 266, 249, 98, 165, 88, 216, 95 сынды 9 мектепке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы жаңа оқу жылына дейін толық аяқталды. Бүгінде ауданымызда 38 білім ошағы, ал жалпы ауданымыздағы білім беру ұйымдарында 2500-ден астам ұстаз жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде толымды жұмыс жасауда. Оның ішінде 6 «педагог-шебер» ұстазымыз бар, бұл көрсеткіш аудандар арасында алдыңғы орында. Биылғы оқу жылына 10 мұғалім «педагог-шеберге» үміткер атанып отыр. Өткен оқу жылында аудан бойынша 11-ші сыныпты 944 оқушы тәмамдаса, оның 859-ы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. Қуантарлығы сол, оның ішінде 543 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды.
Өткен оқу жылында мектеп бітіруші 100 түлек «Алтын белгі» белгісін иеленіп, оқушыларымыз облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері атануда. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» десек, бұл көрсеткіштерге жетуде мұғалімдердің жасап жатқан еңбегі ұшан-теңіз, — деді аудан әкімі.

Мерекелік шарада білім саласында толағай табысқа жетіп, шәкірттерді шыңға шығарып жүрген бірқатар ұстаздар марапат төрінен көрінді. Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігі, облыс, аудан әкімінің, білім басқармасының «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапатталды. Ал, Ақтан батыр ауылындағы №190 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Алтынгүл Мұратбайқызы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі және бірқатар ардагер ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды. Марапаттау рәсімінен кейін мерекеге орай сахна төріне аудан әкімінің ықылас гүлі шығарылып, барша ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Ұлағатты ұстаздардың құрметіне арналған көңілді кеште аудан өнерпаздарымен бірге өнерді жанына серік еткен аяулы ұстаздар мен өнерлі оқушылар ән-күйден шашу шашып, көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады.
@актуальное

Алдыңғы мақала

Қызылордада қақпа алдында кездесу шарасы өтті

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі