• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 1 ақпан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қазалыда “Қалқан-2025” арнайы тактикалық оқу-жаттығудың қорытынды шарасы өтті

Қазан айының 12-21 аралығында Қазалы ауданының аумақтық әскери міндеттілерімен «Қалқан – 2025» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілген болатын,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

20.10.2025
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Оқу-жаттығуға ауданмыздың әскери міндеттілерінен 91 қазалылық азамат 10 күн бойы казармалық режимде теориялық білімдерін бекітіп, оқу полигонында атыс дайындығынан практикалық сабақтарға қатысты.

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың қатысуымен Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы Қазалы су торабында оқу-жаттығудың негізгі шарасы өтті. Шарада ауданның аумақтық қорғаныс батальонының ротасы су торабын жарылғыш зат қойып, оны жоюға келген содырлармен қақтығысты. Нәтижесінде әскери операция сәтті аяқталып, рота нысанды сақтап қалды.

Әскери шарада аудан басшысы 10 күнге созылған оқу-жаттығу кезінде ауданның аумақтық қорғаныс батальонына әдістемелік көмек көрсеткен азаматтарға және әскери міндеттерін адал атқарып, әскери тәртіп пен жауынгерлік даярлықта жоғары нәтиже көрсеткен сарбаздарға алғысын жеткізді.

— Әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайды ескеріп, әскери жиындардан өту әрбір қазақстандық үшін қажет және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қатысуы тиіс. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – елдегі қауіп-қатерлерге дайындықты тексеру. Шынығу, дайындалу, тәжірибе алу. Мұндай әскери жиындар – жай ғана әскери дайындық емес, әскери міндеттілер арасында бірлікті, үйлесімділікті және жауапкершілікті нығайтудың құралы десек болады. Әрбір қатысушы ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі өз рөлінің маңызын түсінеді. Мұндай шаралар азаматтардың кез келген қатер жағдайында әрекет етуге дайын болуының кепілі болары анық. Оқу жаттығу кезеңінде Қазалы ауданының аумақтық қорғаныс батальоны соғыс жағдайы кезеңінде аудан тұрғындарын, аумақтық қорғаныс объектілері мен оның аумағын қарсыластың әрекеттерінен қорғау мақсатында үлкен практикалық және теориялық тәжірибе жинады деп санаймын,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Әскери жиынның қорытындысымен оқу жаттығу кезеңінде сарбаздарға әдістемелік көмек көрсеткен азаматтар мен сарбаздар аудан әкімінің және облыс әкімінің бірінші орынбасарының, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Сонымен қатар оқу-жаттығуға қатысқан сарбаздарға арнайы кезекті әскер шендер табысталды.

Жиында Қызылорда облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Нұрболат Сейітов пен №99215 әскери бөлімінің командирі Шайзатхан Абжапбаров алдағы уақытта да аудан аумағында мұндай жиындар жалғасын табатындығын айтып, оқу – жаттығуы кезінде белсенділік танытқан азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Алдыңғы мақала

Халық қауіпсіздігі мен табиғат тұтастығын сақтағандар құрметке бөленді

Келесі мақала

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар кәсіби білім алуда.

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
Саясат

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды
Құқық

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
Қоғам

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Бояу бетіндегі болмыс

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

0

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа...

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
  • Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
  • Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды
  • Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
  • Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі