• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 8 ақпан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар кәсіби білім алуда.

Сыр өңірінде «Қызылорда өңіріндегі мүгедек әйелдер мен ерекше баласы бар аналардың қауіпсіз әрі қолжетімді баспанаға қол жеткізуін қолдау» жобасы аясында оқыту курстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды "PostScript.kz" Ақпараттық агенттігі.

21.10.2025
in Саясат
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жоба шеңберінде шаштараз және тігін ісі бағыттары бойынша курстар ұйымдастырылған. Қазіргі таңда шаштараз ісі, тігін, қолөнер, жарнама ісі курстары қатысушылары өз нәтижелерімен бөлісуде. Әр қатысушыға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар тегін берілді. Шаштараз ісі бойынша оқып жатқан қатысушылар кәсіби құралдармен қамтамасыз етілсе, тігін ісі курсына қатысушылар өз қолдарымен оюланған шапан тігуге арналған материалдар алды.

«Бұл – өз кәсібімізді бастауға жасалған үлкен мүмкіндік», – дейді курс қатысушылары.

Айта кету керек, жоба аясындағы іс-шаралармен жалпы 50 адам қамтылған. Ал оқыту курстарына қатысу үшін қажеттілікті анықтау нәтижесінде 20 адам іріктеліп алынған. Сонымен қатар, жоба аясында заңгерлік көмек те көрсетілуде. Мысалы, жоба бенефициары, ІІ топ мүгедегі Лаззат Дәулбайқызы үш жыл бойы «шашыраңқы склероз» диагнозы бойынша тегін дәрі-дәрмек ала алмай жүрген. Жоба командасының араласуымен азаматша қажетті дәрі-дәрмектеріне қол жеткізді. Бұл – жобадағы нақты және адресті көмектің нәтижесі. Жоба аясында бүгінде мүгедектігі бар 4 әйел мен ерекше баласы бар 5 ана баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша заңгердің сүйемелдеуімен құжаттарын әзірлеуде. Олардың көпшілігіне құжат рәсімдеу, тұрғын үй кезегін жандандыру, әлеуметтік көмек алу және бейімделген тұрғын үй жобалау бойынша жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Жоба командасы ортақ мақсат пен әлеуметтік өзгерістерге деген сеніммен жұмыс істейді. Құрамында жоба жетекшісі мен үйлестірушісі, медиа-менеджер, заңгер, психолог және оқыту курстарының тренерлері бар. Әр апта сайын жоба жетекшісі Зейнара Достанқызы Тәжиеваның бастамасымен кездесу өткізіліп, атқарылған жұмыстар мен табысты кейстер талқыланады және алдағы жоспарлар айқындалады. Жоба аясында тек тұрғын үй мәселесі ғана емес, құқықтық, психологиялық және кәсіби қолдау шаралары да кешенді түрде жүргізілуде.

«Біз әрбір әйелдің өз үйінде қауіпсіз, лайықты өмір сүруіне мүмкіндік беруіміз керек. Бұл – қоғамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіші», – дейді жоба жетекшісі ЗЕЙНАРА ТӘЖИЕВА.

Жобаны «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Бағдарлама «Omirlik Maqsat» жобасы аясында Орталық Азияның Еуразия Қоры (ФЕЦА) және Citi қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты — мүгедек әйелдер мен ерекше баласы бар аналардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың тұрғын үйге, білімге және әлеуметтік ресурстарға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Алдыңғы мақала

Қазалыда “Қалқан-2025” арнайы тактикалық оқу-жаттығудың қорытынды шарасы өтті

Келесі мақала

«Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Оқи отырыңыз

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!
Спорт

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!

Кәсіби бағдар — келешек кепілі
Құқық

Кәсіби бағдар — келешек кепілі

Случай в школе
Қоғам

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік
Құқық

Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік

Жемқорлықты жүгендеудегі ортақ мақсат

Жасөспірімдерге түсіндірме жұмысы жүргізілді

Сыр төрінде «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті.

Қызылшадан екпе арқылы қорғаныңыз

Көкжөтелдің аймақтағы эпидахуалы тұрақты

Өзекті жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!
Спорт

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!

0

Kazakhstan C командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Екінші орында - Kazakhstan D. Kazakhstan В турнир кестесінде төртінші...

Кәсіби бағдар — келешек кепілі

Кәсіби бағдар — келешек кепілі

Случай в школе

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік

Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік

Жемқорлықты жүгендеудегі ортақ мақсат

Жемқорлықты жүгендеудегі ортақ мақсат

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!
  • Кәсіби бағдар — келешек кепілі
  • Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды
  • Нысанаға дөп тигізудегі дәлдік
  • Жемқорлықты жүгендеудегі ортақ мақсат
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі