Сот шешімімен жаза арқалағандардың арасында қылмыс әлемінде аты шыққан Арман Жұмагелдиев бар. Ол 20 жыл түрме жазасына кесілді. Одан бөлек Бердах Бекетов 7 жылға сотталса, экс-депутат Қайрат Құдайбергенов 8 жыл бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ сот Қайрат Құдайбергенов бұған дейін берілген «Құрмет» орденінен айырды.
Айта кетейік, бүгін жаза тағайындалға азаматтар осыдан үш жыл бұрын соңы дүрбелеңге ұласқан Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған еді. Оларға көтерлісті ұйымдастады деген айып тағылған.
P.S. Бердах Бекетов тергеу изоляторында отырып үш рет хат жазған. 25-қаңтардағы хатында прокурорлар сөзін тыңдамай, уақытша ұстау абақтысында азапталып жатқанын жазып, көпшіліктен араша болуды сұраған. 2-наурыздағы хатында өзін кінәсізбін деп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған.