• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Бүгін Қазалыда 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті,- деп хабарлайды “Postscript.kz” ақпараттық агенттігі.

02.10.2025
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік жиында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қазыналы қарттар мен ақ жаулықты аналарға Президенттің, аймақ басшысының құттықтауы мен ізгі лебізін жеткізді.

-Бүгінгі күн – еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, жүрегінде ел мен жерге деген адалдықтың оты мәңгі сөнбеген қазыналы қарттарымыздың мерейлі мерекесі. «Қариясы бар елдің қазынасы бар», – дейді дана халқымыз. Абыз ақсақалдарымызды құрметтеп, асыл аналарымызды ардақтау – біздің қастерлі парызымыз. Жыл сайын аймақ басшысының қолдауымен қазыналы қарияларды жан-жақты әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында өңірімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл мақсатта бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді. Соңғы үш жылда жылына бір рет төленетін әлеуметтік көмектің көлемі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1,5 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге, оларға теңестірілген ардагерлер мен тыл ардагеріне 90 мыңнан 196 мың теңгеге ұлғайды. Биыл ауданымызда 260 ардагерге барлығы 56 млн. теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді. Аудан бойынша жыл сайын 100-ден аса егде жастағы азаматтар шипажай қызметіне ұқсас арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуда. Асыл қазыналарымызды әлеуметтік қолдау бағытындағы кешенді жұмыстарымыз алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.
Мерейлі мерекеде баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, — деді аудан басшысы.

Мерекелік жиында бүгінгі жас ұрпаққа үлкен өнеге көрсетіп, түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, елдің берекесі мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген ардагерлерге Қазалы ауданының және облыстық, аудандық ардагерлер кеңесі төрағаларының «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттары», «Қызылорда облысының құрметті ардагері» төсбелгілері табысталды.

Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов және бірқатар ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Қазыналы қариялардың мерейін үстем еткен шарада аудан өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, ардагерлерге аудан басшысының арнайы мерекелік сыйлықтары табысталды.

Шара соңында еңбек ардагері Дәуіт Сайын барша ардагерлерді мерекемен құттықтап, ақ батасын берді.

Алдыңғы мақала

Ауданның сәулеттік келбетін қалыптастыруға кәсіпкерлерде атсалысу қажет

Келесі мақала

«А» вирусты гепатитін жұқтыру көрсеткіші төмендеді

Оқи отырыңыз

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Спорт

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
Саясат

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Қоғам

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі