• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 31 қаңтар, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы ауданының әкімі қазыналы қарттарға құрмет көрсетті

Қазыналы Қазалы өңірінде кеудесі өсиетке, тұлғасы қасиетке толы абзал ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелеріміз жетерлік, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

02.10.2025
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпановпен бірге Әйтеке би кентінде тұратын ардагерлердің шаңырағына барып, Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы алдымен саналы ғұмырын құрылыс саласына арнаған еңбек ардагері Әбдіхалық Байбараұлы ақсақалдың шаңырағына барды. Аудандағы ауқымды саланың дамуы жолында қызмет атқарып, зейнет жасына жеткен қарт қазынаның бүгінде денсаулығы жақсы. Сексеннің алтауына жеткен ғұмыр иесі бүгінгі буынға үлгі болатын қазына кеуде жандар қатарында. Аудан басшысы ардагердің өнегелі өмірі кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі екенін айтып, Президентіміздің, аймақ басшысының құттықтауы мен ізгі лебізін жеткізді. Сондай-ақ ақсақалдың иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

Мұнан кейін аудан әкімі Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға үлес қосқан ақ жаулықты ана — Дәмелі Бекжанқызының шаңырағына барды. Сонау замандағы қиын-қыстау кезеңде туған жердің амандығы үшін маңдай терін аянбай төгіп, адал еңбектің үлгісін көрсеткен кейуана бүгінде 93 жаста. Бүгінде тәрбиелеп өсірген 1 ұл мен 1 қыздан тараған немере мен шөберенің қызығын көріп отыр.

Аудан әкімі әрдайым елдің амандығын тілеп, жақсылық істерге ниеттес болып отыратын қарт ананың деніне саулық тілеп, аймақ басшысының арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.

Қимылы ширақ кейуана өзін құрметке бөлеген азаматтарға ризашылығын білдіріп, іштегі шексіз қуанышын жасырмады. Сондай-ақ, өзінің өмір жолындағы естелік әңгімелерімен бөлісіп, халықтың тыныштығын тілеп, азаматтарға ақ батасын берді.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының әкімі бөлім басшыларын қабылдады

Келесі мақала

Ауданның сәулеттік келбетін қалыптастыруға кәсіпкерлерде атсалысу қажет

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
Саясат

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды
Құқық

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
Қоғам

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Бояу бетіндегі болмыс

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

0

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа...

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
  • Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
  • Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды
  • Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
  • Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі