• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы ауданының әкімі қазыналы қарттарға құрмет көрсетті

Қазыналы Қазалы өңірінде кеудесі өсиетке, тұлғасы қасиетке толы абзал ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелеріміз жетерлік, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

02.10.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпановпен бірге Әйтеке би кентінде тұратын ардагерлердің шаңырағына барып, Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы алдымен саналы ғұмырын құрылыс саласына арнаған еңбек ардагері Әбдіхалық Байбараұлы ақсақалдың шаңырағына барды. Аудандағы ауқымды саланың дамуы жолында қызмет атқарып, зейнет жасына жеткен қарт қазынаның бүгінде денсаулығы жақсы. Сексеннің алтауына жеткен ғұмыр иесі бүгінгі буынға үлгі болатын қазына кеуде жандар қатарында. Аудан басшысы ардагердің өнегелі өмірі кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі екенін айтып, Президентіміздің, аймақ басшысының құттықтауы мен ізгі лебізін жеткізді. Сондай-ақ ақсақалдың иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

Мұнан кейін аудан әкімі Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға үлес қосқан ақ жаулықты ана — Дәмелі Бекжанқызының шаңырағына барды. Сонау замандағы қиын-қыстау кезеңде туған жердің амандығы үшін маңдай терін аянбай төгіп, адал еңбектің үлгісін көрсеткен кейуана бүгінде 93 жаста. Бүгінде тәрбиелеп өсірген 1 ұл мен 1 қыздан тараған немере мен шөберенің қызығын көріп отыр.

Аудан әкімі әрдайым елдің амандығын тілеп, жақсылық істерге ниеттес болып отыратын қарт ананың деніне саулық тілеп, аймақ басшысының арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.

Қимылы ширақ кейуана өзін құрметке бөлеген азаматтарға ризашылығын білдіріп, іштегі шексіз қуанышын жасырмады. Сондай-ақ, өзінің өмір жолындағы естелік әңгімелерімен бөлісіп, халықтың тыныштығын тілеп, азаматтарға ақ батасын берді.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының әкімі бөлім басшыларын қабылдады

Келесі мақала

Ауданның сәулеттік келбетін қалыптастыруға кәсіпкерлерде атсалысу қажет

Оқи отырыңыз

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Өзекті жаңалықтар

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

0

Іс-шара барысында орталықтың әдіскерлері ұлттық ою-өрнек элементтерін пайдалана отырып, заманауи панно жасау әдіс-тәсілдерін көрсетіп, қатысушыларға тәжірибелік жұмыстар...

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі