• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 30 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Сырдария ауданында орман шаруашылығы және құтқару саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен орман шаруашылығы және құрқару саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудан ардагерлері мен құқық қорғау, орман шаруашылығы және құтқару саласы басшылары мен қызметкерлері қатысты,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

22.10.2025
in Мәдениет
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімі сала мамандарын кәсіби мерекелермен құттықтады.

– Биылғы мереке Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне және ұлттық құтқару жүйесінің құрылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігу – нағыз ерлік. Қиындыққа тап болған жандар ең алдымен құтқарушылардан көмек күтеді. Бүгінде азаматтық қорғау саласының қызметкерлері өз міндетін мінсіз атқарып келеді. Олар сын сағатта жанқиярлық көрсетуге дайын тұрады» деп атап көрсетті. 30 жыл уақыт ішінде құтқару қызметінің рөлі бірнеше есе артып, азаматтар мен еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан мемлекеттік маңызы бар іс болып саналады. Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін еліміздің әрбір азаматын құтқару, олардың өмірін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу – ең басты міндеттеріне жатады. Осындай жауапкершілігі мол, қиын және қауіпті салада жүрген ауданның төтенше жағдай қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Қандай қиыншылыққа тап келсе де олар барлығына батылдық танытуда.
Қоршаған ортаны қорғау, экожүйені жақсарту, орман-тоғайды көбейту – қоғамды жұмылдыратын жақсы іс. Мемлекет басшысының экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау бағытында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн. гектар жерге сексеуіл егу тапсырмасына «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің қызметкерлері өлшеусіз үлес қосуда. Аймақ басшысының қолдауымен өңірдің орман алқаптарын ұлғайту, саладағы ғылыми жұмыстарды жандандыру және жаңа технологияларды енгізумен бірге орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын жаңартуға жаңа серпін берілуде. Ауданымыздың табиғат сақшылары орманды өрттен қорғау, қалпына келтіру, экологиялық ағарту және «Таза Қазақстан» экологиялық шараларына белсене қатысуда. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халқымыздың дана сөзін естен шығармай, орманды сақтау, қорғау және көбейтуде ауданымыздың әрбір тұрғыны Өздеріңізбен бірге үлес қоса береді деп сенемін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мерекелік іс-шарада орманшылар мен құтқарушылар медальдармен, облыс әкімінің, аудан әкімінің, тиісті департамент және басқарма «Алғыс хатымен» марапатталды. Аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданының әкімі азаматтық қорғау және орман шаруашылығы қызметкерлерінен жеке қабылдау өткізді

Келесі мақала

Аудан әкімі “Сырдария барысы” турнирінің ашылу салтанатына қатысты

Оқи отырыңыз

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина
Өнер

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды
Қоғам

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген
Әлемде

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды
Қоғам

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Жігерді жаныған мерекелік сайыс

«Мен үшін ең маңыздысы — тойдың қуыршағы болмай, нағыз әнші болу»: Роза Рымбаева

Ер адам әйелін тауық еті үшін аяусыз пышақтап өлтірген

Күн жүйесінің маңынан Жерге ұқсас планета табылған

Қазалыда кезекті сенбілік жұмыстары өтті

Өзекті жаңалықтар

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина
Өнер

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина

0

  “Қазір әлеуметтік желіде қозғап жатқан мәселе туралы менің де айтарым бар! 25 жыл бойы домбыраны арқалап,...

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Жігерді жаныған мерекелік сайыс

Жігерді жаныған мерекелік сайыс

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • «Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина
  • Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды
  • «Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген
  • Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды
  • Жігерді жаныған мерекелік сайыс
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі