• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 26 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Құрыш қолды құрылысшылар құрмет төрінде

Бүгін «Өнер орталығында» Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, облыстық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, сала ардагерлері қатысты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

13.08.2025
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, құрылыс саласында атқарылған жұмыстарды атап өтті.

«Президентіміз «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек», — деген болатын. Бұл — экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.
«Жұмысшы мамандықтары жылына» орай жақында ғана Мемлекет басшымыздың Жарлығымен өңіріміздің бірқатар металлургтері, теміржолшылары мен құрылысшылары мемлекеттік наградаларға ие болды. Бұл еңбек адамдарына көрсетілген зор құрмет пен лайықты жоғары баға.
«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірі Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қарқынды дамуда. Облысымыздың бюджеті 823 млрд. теңгеден асып, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті. Бұл қаражат аймағымыздағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда.
Биыл 96 жобаның құрылысына бюджеттен 166 млрд. 800 млн. теңге қаржы бөлініп, 2022 жылмен салыстырғанда 8 есеге артты. Нәтижесінде құрылыс жұмыстарының көрсеткіші бойынша республикада үздіктер қатарында келеміз.
Құрылыс саласында қызмет ету – бұл жай ғана мамандық емес, елге қызмет ету. Құрылысы қарымды елдің экономикасы да қуатты.
Туған жеріміз, Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, сәулеттік келбетінің жаңаруына, заманауи ғимараттардың бой көтеруіне қосқан елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге барша Сыр жұртшылығының, жеке Өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін.», -деді Н.Нәлібаев.

Мерекелік шарада құрылыс саласының үздіктері «Достық», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек даңқы» орден-медальдарымен марапатталды.
Сонымен қатар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне, «Құрмет грамотасына» және Қызылорда облысының «Құрмет грамотасына» ие болды.
Мерекелік іс-шарада әнші Қайрат Баекенов, әнші-композитор Жарасхан Төлеубай ән шырқады.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қазалыда «Жастар ел ертеңі» атты мерекелік шара өтті

Келесі мақала

Қызылордада тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға жаңа пәтердің кілті табысталды

Оқи отырыңыз

«Сот арқылы қорғалу құқығы» бағытына аннотациялар
Құқық

«Сот арқылы қорғалу құқығы» бағытына аннотациялар

Ерлі-зайыптылардың мүлікке құқықтарын қорғау
Құқық

Ерлі-зайыптылардың мүлікке құқықтарын қорғау

Заң мен тәртіп қағидаты
Құқық

Конституциялық соттың нормативтік қаулыларына түсіндірме

Жаңақорған ауданында “Ұлы дала ұлағаты — әз Наурыз” атты мерекелік шара өтті
Саясат

Жаңақорған ауданында “Ұлы дала ұлағаты — әз Наурыз” атты мерекелік шара өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорған ауданында “Ұлы дала ұлағаты — әз Наурыз” атты мерекелік шара өтті

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Өзекті жаңалықтар

«Сот арқылы қорғалу құқығы» бағытына аннотациялар
Құқық

«Сот арқылы қорғалу құқығы» бағытына аннотациялар

0

Адамдар істерін қарауда қиындықтарға тап болатынын, шағымдары ресми негіздер бойынша қабылданбайтынын немесе сотқа жүгіну тәртібін реттейтін ережелердің...

Ерлі-зайыптылардың мүлікке құқықтарын қорғау

Ерлі-зайыптылардың мүлікке құқықтарын қорғау

Заң мен тәртіп қағидаты

Конституциялық соттың нормативтік қаулыларына түсіндірме

Жаңақорған ауданында “Ұлы дала ұлағаты — әз Наурыз” атты мерекелік шара өтті

Жаңақорған ауданында “Ұлы дала ұлағаты — әз Наурыз” атты мерекелік шара өтті

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Жаңару күніндегі жасыл бастама

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Сот арқылы қорғалу құқығы» бағытына аннотациялар
  • Ерлі-зайыптылардың мүлікке құқықтарын қорғау
  • Конституциялық соттың нормативтік қаулыларына түсіндірме
  • Жаңақорған ауданында “Ұлы дала ұлағаты — әз Наурыз” атты мерекелік шара өтті
  • Жаңару күніндегі жасыл бастама
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі