• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Конституциялық соттың нормативтік қаулыларына түсіндірме

2025 жылғы 7 ақпандағы Конституциялық Соттың нормативтік қаулысының № 65-НҚ-ға қысқаша түсіндірме құмар ойындарды ұйымдастырушылармен дауларда сот арқылы қорғалу құқығы туралы)

26.03.2026
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Конституциялық Сот азаматтың Азаматтық кодекстің 914-бабын тексеру туралы өтінішін қарады, оған сәйкес құмар ойындарға қатысушылардың  ұтысты өндіріп алуталаптары сот арқылы қорғалуға жатпайды.

Өтініш беруші бұл жағдай оның сот арқылы қорғалу құқығынан айырып, оны ойын бизнесін ұйымдастырушылармен теңсіз жағдайға қояды деп есептеді.

 Бұл нені білдіреді

Конституциялық Сот құмар ойындар мен бәс тігуден туындайтын міндеттемелер бойынша соттық қорғалуға тыйым салу олардың тәуекелдік сипатына және құқықтық айқындықтың болмауына негізделгенін анықтады.

Алайда, бұл норма келісімшарт пен қорғаудың құқықтық кепілдіктері қолданылатын ойыншылар мен лицензияланған ұйымдастырушылар арасындағы қатынастарға қолданылмауы керек.

Конституциялық Сот заңды букмекерлік кеңседе немесе тотализаторда ойнайтын азаматтың ұтысын және шығындарды өтеуді талап етуге сотқа жүгінуге құқығы бар екенін атап көрсетті.

Қандай өзгерістер енгізілді

Конституциялық Сот Азаматтық кодекстің914-бабының ережесі «ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарын және(немесе) бәс тігуді өткізудің шарттарын сақтаған кезде» деген сөздер бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп таныды.

2009 жылы енгізілген бұл толықтыру норманың бастапқы мәнін бұрмалап, Конституцияға қайшы келді. Конституциялық Сот Үкіметке заңнаманы қабылданған қаулыға сәйкес келтіруді және конституциялық емес деп танылған ережеге негізделген сот шешімдерінің қайта қаралуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Неліктен бұл маңызды

Бұл шешім азаматтар мен лицензияланған ойын бизнесін ұйымдастырушылар арасындағы қатынастарда әділдікті қалпына келтіріп, әрқайсысының сот арқылы қорғалу құқығын қорғады және заңнамада құқықтық нақтылықтың маңыздылығын атап өтті.

Енді заңды ойындарға қатысушылар ұтыстарын өндіріп алу және шығындарды өтеу үшін сотқа жүгіне алады, ал заң шығарушы орган Азаматтық кодекстегі түсініксіз және бір-бірін жоққа шығаратын баптарды жоюға міндетті.

Қызылорда облыстық прокуратурасы

Алдыңғы мақала

Сауат һәм сайыс: Мерекедегі мәнді іс-шара

Келесі мақала

Ерлі-зайыптылардың мүлікке құқықтарын қорғау

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі