• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 ақпан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада мүгедектігі бар әйелдерді қолдау шаралары нақты нәтиже беруде

2025 жылғы шілдеден бастап «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігі мүгедектігі бар әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарды қолдау бағытында әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Жоба тұрғын үйге қолжетімділік, әлеуметтік кепілдіктер, медициналық көмек және жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

16.02.2026
in Қоғам, Әлеумет және экономика
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жоба бенефициарлардың нақты өмірлік жағдайларымен танысып, оларға тегін құқықтық сүйемелдеу, әлеуметтік бағдарлау арқылы және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Жобаның нақты кейстер арқылы нәтижелерін таныстырып өтсек:

Өмірлік маңызды дәрі-дәрмекке қолжетімділік.

II топ мүгедектігі бар, шашыраңқы склероз диагнозы қойылған әйел 3 жыл бойы құны 1 млн теңгеден асатын Натализумаб препаратын ала алмаған. Жоба аясында eGov.kz арқылы денсаулық сақтау басқармасына жүгіну ұйымдастырылып, 3 күн ішінде дәрімен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй құқығын қалпына келтіру.

Мүгедектігі бар баланың анасы бұрынғы жұбайының мүлкіне байланысты тұрғын үй кезегінен шығарылған. Құқықтық талдау барысында мүлік неке тіркелгенге дейін алынғаны анықталып, «Отбасы банкке» жүгіну нәтижесінде кезегі қалпына келтірілді.

17 жылдық тұрғын үй кезегі.

Туа біткен мүгедектігі бар 65 жастағы Аклима  апатты жағдайдағы қараусыз қалған дүңгіршекте жалғыз тұрады, 17 жылдан астам тұрғын үй кезегінде тұрған. Жоба аясында оның мәселесі қаралып, «Отбасы банк» қабылдауынан кейін тұрғын үй алу кезеңіне жетті.

Әлеуметтік көмектен табысқа көшу.

Мүгедектігі бар Гүлсім кәсіби тігін жабдықтарын алғанымен, шеберханасын 3 фазалы электр желісіне қоса алмаған. Жоба 5 күнде техникалық рұқсат алып, қосылу құнын өтеу үшін мемлекеттік грантқа өтінім дайындауға көмектесті. Шеберхана іске қосылған соң тұрақты табыс көзі қалыптасады.

Әлеуметтік және еңбек оңалту.

Бала тәрбиелеп отырған мүгедектігі бар Жанар жұмыссыз. Жоба аясында психологиялық, қаржылық мәселесін шешу үшін құқықтық кеңес алып, жұмысқа орналасты, қоғамдық белсенділікке қосылды, тұрғын үй комиссиясынан өтіп, баспанасын күтуде.

Қызмет көрсету саласындағы құқықтарды қорғау.

Мүгедектігі бар баланың оқу курсына төленген қаражат қайтарылмаған. Жоба заңгерінің құқықтық сүйемелденуінен кейін қаражат толық қайтарылды.

Әлеуметтік қызметтер мен жеңілдіктерге қолжетімділік

Жоба бенефициарлары тұрғын үй кезегіне тұру, тұрғын үйді жалдау субсидиясы, еңбек құқықтары және бейімделген спортқа қолжетімділік бойынша кеңес пен сүйемелдеу алды. Апаттық деп танылған үйлерді уақытша паналап отырған жоба қатысушыларының жағдайы жіті зерделеніп, мемлекеттік органдармен бірлесе мәселені шешу жолдары қарастырылуда.

Қызылорда өңірінде мүгедектігі бар әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарды қауіпсіз әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге қолдау көрсету» жобасы «Ақ босаға» ҚБ тарапынан «Omirlik Maqsat» бағдарламасы аясында Орталық Азияның Еуразия Қоры (ФЕЦА), Citi қорының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба нәтижелері атаулы сүйемелдеу мен құқықтық қолдаудың мүгедектігі бар әйелдердің өмір сапасын арттырып, дербестігін күшейтуге мүмкіндік береріп отырғанын көрсетеді.

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті

Келесі мақала

Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді

Оқи отырыңыз

Черновик
Әлеумет және экономика

15 Наурыз

Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді
Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті
Құқық

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті

Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді
Құқық

Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті

Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді

Телемост: таңдау таразысындағы тағылым

Қауіпсіздік мәдениеті – ортақ міндет

Ойын ойнап, қазақ тілін үйреніп ал!

Маман сертификатын алу үшін қандай талаптарды білу керек?

Өзекті жаңалықтар

Черновик
Әлеумет және экономика

15 Наурыз

0

Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді

Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді

Қызылордада мүгедектігі бар әйелдерді қолдау шаралары нақты нәтиже беруде

Қызылордада мүгедектігі бар әйелдерді қолдау шаралары нақты нәтиже беруде

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті

Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті

Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді

Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • 15 Наурыз
  • Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді
  • Қызылордада мүгедектігі бар әйелдерді қолдау шаралары нақты нәтиже беруде
  • Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті
  • Жазасын өтеушілерге құқықтық кездесу өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі