Атап айтқанда: 15 тонна күріш, 73 тонна бақша өнімдері, 4,5 тонна сүт өнімдері, 8,5 тонна балық, 5,1 тонна ет және жеміс-жидектер әкелінді. Сонымен қатар жәрмеңкеге облыстық тұрақтандыру қорының өнімдерінен арзан бағада 3 тн жуық ұн, күріш, макарон өнімдері, картоп, жуа, сәбіз өнімдері шығарылады. Қазалылық шаруалар өз өнімдерін қала тұрғындарына тиімді бағамен ұсынуда.
Айта кетейік, дәл қазір ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Қызылорда қаласындағы Шұғыла мөлтек ауданында, Ғани Мұратбаев көшесі мен Қожа Ахмет Яссауи көшелерінің қиылысында өтуде.
Барша қала тұрғындарын жәрмеңкеге шақырамыз!









