• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 20 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда “Жыр тербеткен жүрегін” атты жыршы-термешілердің байқауы өтті

Бүгін Қазалы ауданында ұлтымыздың рухани қазынасы – жыр мен термені кеңінен насихаттаған жыршы-термеші, Ұлы Отан соғысының ардагері Әмитжан Бөріқұлақовтың туғанына 100 жыл толуына орай облыстық жыршы-термешілер байқауы өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

06.12.2025
in Мәдениет
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен «Жыр тербеткен жүрегін» атты байқауды аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп ашып, ауданымыздың рухани-мәдени өмірінде ерекше есімін қалдырған өнер иесінің өмір жолын жұртшылыққа жеткізді. Сондай-ақ бүгінгі байқауда бақ сынайтын жыршы-термешілерге сәттілік тіледі.

-Әмитжан Бөріқұлақов – ауданымыздың рухани-мәдени өмірінде ерекше есімін қалдырған, Сыр бойының жыршы-термешілік мектебін жалғастырып ғана қоймай, өзінің дара үнімен, терең толғауымен жыршылық өнердің көкжиегін кеңейткен тарлан талант. Ағамыз Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде, майдан даласында ел мен жерді жаудан азат ету жолында күресіп, ерліктің үлкен үлгісін көрсете білді. Арда азамат майдан даласынан елге оралғаннан кейін еңбек демалысына дейін колхоз, совхоздарда түрлі қызмет атқарды. Еңбек жолында ауыл мектебінде ұстаздық қызметпен қатар, ұзақ жылдар бойы ауылдық кеңес депутаты, кеңшар партия комитетінің, аудандық кәсіподақ комитетінің мүшесі болып сайланып, өңір дамуына айрықша үлес қосты. Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады. Өткенімізге көрсетілген құрмет, келешегіміздің жарқын болуына жол ашады. Өскелең ұрпақ тарихын танып, болашағын бағамдау үшін мұндай шаралар әр уақытта да қажет, — деді аудан әкімі.

Облыстық байқауда жыршы-термешілер бірінші кезең бойынша Әмитжан Бөріқұлақовқа арнап арнау айтса, екінші кезең бойынша Сыр шайырларының туындыларынан бір терме орындады.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орын қармақшылық Әлішер Мырзағалиевқа, ал, жүлделі екінші орын қазалылық Асылзат Әбілханға бұйырса, байқаудың бірінші орыны Қызылорда қаласынан келген термеші Жақсан Жәнібекке табысталды. «Жыр тербеткен жүрегін» атты облыстық жыршы-термешілер байқауының бас жүлдесін жерлесіміз, жас термеші Айдос Тұрар иеленді. Байқауда жүлделі орын алған және қатысушы термешілердің барлығына арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Облыстық жыршы-термешілер байқауына Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының дәстүрлі өнер секторының меңгерушісі, жыршы – термеші Майра Сәрсенбаева, «Қорқыт Ата» атындағы өнер мектебінің жыр – терме класының мұғалімі, жыршы – термеші Сандуғаш Бейсембаева және Ғани Мұратбаев ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, жыршы – термеші Жанболат Өмірзақ қазылық етті.

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданында рейд жұмыстары жүргізілді

Келесі мақала

Қызылордада Қазалы ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Оқи отырыңыз

Заң мен тәртіп – ортақ қағида
Құқық

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
Құқық

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
Қоғам

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Өзекті жаңалықтар

Заң мен тәртіп – ортақ қағида
Құқық

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

0

Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы уәкілдері бірлесіп,...

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Заң мен тәртіп – ортақ қағида
  • Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
  • «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі