• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 30 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Бизнес

Қызылордада заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

Бүгін Қызылорда қаласының Қазақ елінің астанасы болғанының 100 жылдық мерейтойы аясында «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің заманауи кірпіш зауытының ашылу рәсімі өтті. Рәсімге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және зиялы қауым өкілдері, өңір кәсіпкерлері арнайы қатысты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

08.07.2025
in Бизнес
0
default

default

499
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы жиналған қауымды заманауи кірпіш зауытының ашылуымен құттықтап, өңірдің өнеркәсіп саласындағы жұмыстарға тоқталды.

«Біз аймағымыздың экономикасын әртараптандыру арқылы жоғары өнімді, экспортқа бағдарланған шикізаттық емес өңдеу өнеркәсібін құруға бағытталған жұмыстарды кезең-кезеңімен атқарудамыз. Бұл бағытта алдағы бесжылдықта құны 2 трлн. теңгені құрайтын 89 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 11 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде. Биыл 27 жобаның іске қосылуы жоспарланған. Оның ішінде түрік инвесторы «Акса Энерджи» компаниясының жаңа жылу-электр орталығы, қазір ашылатын заманауи кірпіш зауыты, қиыршық тас, айна өндірістері бар. Өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында құны 553 млрд. 600 млн. теңгені құрайтын 14 жобаның құрылысы басталуда.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жергілікті өнім өндірушілердің құрылыс материалдарының әлеуетін барынша пайдалану маңызды. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қолдайды», – деген болатын.
Өткен жылдың қараша айында іргесі қаланған кірпіш зауытының құрылыс жұмыстары қысқа мерзімде аяқталып, бүгін алғашқы өнімін шығаруда. Баршаңызды облысымыз үшін индустриялық, әлеуметтік, экологиялық тұрғыда тиімді жоба – заманауи кірпіш зауытының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздегі ең ірі кірпіш зауыттарының бірі облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, құрылыс нысандарының сапасын арттыруға зор үлес қосады деп сенеміз»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Салтанатты шарада ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетұлы, Мұрат Абдуламитұлы құттықтау сөз сөйледі. Зауыт құрылысына атсалысқан азаматтар облыс әкімнің Алғыс хатымен марапатталды.
PS. Айта кету керек, қараша айында құрылысы басталған «Қызылорда Саз-М» кірпіш зауыты қысқа мерзімде іске қосылып, алғашқы өнімін шығарды. Жобаға 5 млрд. теңге инвестиция тартылып, 7 гектар жер телімі бөлінді.
Зауыттың басты ерекшелігі – өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Экологиялық жағынан да тиімді, яғни басқа кірпіш зауыттарындағыдай көмірмен күйдірмейді. Жаңа технологиялар өндірістің тиімділігін арттырып, өнім сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Жылына 90 миллион кірпіш өндіруге есептелген кәсіпорын толық іске қосылғанда 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылордада қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының капсуласы салынды

Келесі мақала

Орман шаруашылығы мекемелері арнайы техникалармен қамтылған

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен  Сыр еліне келді
Мәдениет

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сыр еліне келді

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина
Өнер

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды
Қоғам

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген
Әлемде

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Жігерді жаныған мерекелік сайыс

«Мен үшін ең маңыздысы — тойдың қуыршағы болмай, нағыз әнші болу»: Роза Рымбаева

Ер адам әйелін тауық еті үшін аяусыз пышақтап өлтірген

Күн жүйесінің маңынан Жерге ұқсас планета табылған

Өзекті жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен  Сыр еліне келді
Мәдениет

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сыр еліне келді

0

t.me/aqorda_resmi

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сыр еліне келді
  • «Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина
  • Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды
  • «Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген
  • Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі