• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 31 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сыр өңірінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы жоғарғы деңгейде жүзеге асырып келеді

Бүгін облыс әкімдігінде «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы талқыланған республикалық семинар өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

12.12.2024
in Қоғам, Саясат
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Семинарға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, еліміздің барлық өңірлерінен облыс әкімінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы басқармалары мен әлеуметтік корпорациялар басшылары, ауыл әкімдері, бизнес өкілдері арнайы қатысты. Басты мақсат – Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасын Қызылорда облысында іске асыру тәжірибесін республиканың өзге өңірлеріне кеңінен тарату. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жүргізіп, өңірде атқарылған жұмыстарды атап өтті.

 — Ауылдарды дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі. Бүгінде облыстың 447 мың тұрғыны немесе халықтың 53 пайызы ауылда тұрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы, «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламалары сәтті жүзеге асуда. «Ауыл аманаты» бойынша  өткен жылы өңірімізде 3 млрд. теңгеге 406 жоба жүзеге асып, 713 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл 4 млрд. 600 млн. теңгеге 575 жоба жоспарланған. Бүгінге дейін 2 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, 1 млрд. теңгеге 150 жоба қаржыландырылды. Ауылдық аймақтардың жағдайын жақсартуда агробизнес өкілдері ауқымды жұмыс атқаруда. Бұл бағытта  «Абай-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нәтижелі жұмыстарын ерекше атап өту қажет. Қазіргі таңда серіктестіктің оң тәжірибесін кеңінен таратып, облыстың барлық ауылдарында жаңа өндіріс, сауда нысандарын ашу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде», – деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін, әл-ауқатын жақсарту бағытында жүзеге асырылып келетін «Ауыл аманаты» бағдарламасының ел дамуындағы маңызы зор екенін айтып, бірқатар мәселелерге тоқталды. Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асырудағы оң тәжірибе туралы облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев айтты. Ал бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайында «Абай Дәулет» серіктестігінің директоры Мұрат Сарсенбаев сөз сөйледі.

Республикалық семинар аясында бірқатар тақырыптық-панельдік сессия отырыстары ұйымдастырылуда. Отырыстарда «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперацияны дамыту, өнімдерді қайта өңдеу және өткізу, ауылдарда бизнесті өркендету, ауыл әкімдері мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның рөлі жан-жақты талқыланып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасуда. Айта кетейік, жоба аясында аймақтағы арнайы әлеуметтік көмек алушылар саны 65 адамға қысқарды. Ауыл халқының табысы 20% ұлғайды, шағын кәсіпкерлік саны 275-ке артты, 33 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды, өңдеу саласы бойынша 22 кәсіпорын, көлемі 1,2 гектар 34 жылыжай өндірісі ашылды, 1 175 бас асылтұқымды мал сатып алынды.

Тұрғындардың 65 түрлі азық-түлік тауарын тұтыну көрсеткіштеріне қарасақ, облыстың 10 түрлі өніммен (күріш, тұз, сиыр сүті, қызанақ, қияр, қауын, қарбыз, асқабақ, жүгері, нан) 100%  қамтамасыз етуге, экспортқа шығаруға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, тұтынушылар 10 түрлі өніммен (картоп, сиыр еті, сәбіз, балық, пияз, бұрыш, қызылша, қой еті, қырыққабат, жылқы еті) 73-21% пайыз аралығында, 17 түрлі өніммен  ішінара қамтамасыз етілуде (4,2-0,1%). Қалған 28 түрлі өнім, оның ішінде негізгі үш өнім, яғни, қарақұмық, қант, күнбағыс майы облыста өндірілмейді. Дегенмен, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру нәтижесінде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің өсімі байқалуда.

Алдыңғы мақала

Қызылордалық полицейлер 2 мыңнан аса киік мүйізін тәркіледі

Келесі мақала

Білім мен тәрбие берудегі мәселелер талқыланды

Оқи отырыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
Мәдениет

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
Спорт

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды
Қоғам

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

Өзекті жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

0

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
  • Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
  • Президент жаңа жылу электр орталығына барды
  • Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі