Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде таралды. Онда толғағы жеткен келіншектің денсаулығы күрт нашарлағаны жазылған. Сондықтан дәрігерлер қан құйған. Бір ай өткен соң жаңа босанған әйелге АИТВ инфекциясының жұққаны белгілі болыпты.
“Бұл жағдай туралы Денсаулық сақтау министрлігіне хабарладық. Бірақ ешқандай шара қолданбады. Сондай-ақ бұл ақпаратты БАҚ-қа жарияламауымызды бұйырды. Ал науқас әйелге ақша берді”, -делінген әлеуметтік желіге тараған ақпаратта.
Қазір бұл іс бойынша полиция департаментінің өкілдері “медицина қызметкерлерінің кәсіби міндетін тиісті атқармау” дерегімен тергеу жүргізіп жатыр.
Ал Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұған байланысты пікір білдірді.
P.S. “Бұл жағдай қазір министрліктің қатаң бақылауында. Қазір тиісті тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан ешкім жауапкершікке тартылмады деп айта алмаймыз. Тексерудің нәтижесімен тиісті шаралар қолданылады”, — дейді министр.