• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Тұмауға қарсы екпе алдыңыз ба?

ЖРВИ, тұмаудың жаңа эпидемиологиялық маусымы басталғаннан бері, яғни 1 қыркүйектен бастап Қызылорда облысында жедел респираторлы вирусты инфекцияға 8807 адам шалдыққан. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі – 63,4%. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ аурушаңдық көрсеткіші 37,8% төмендеген. Тұмау ауруы анықталған жоқ, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

08.10.2025
in Денсаулық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

2025 жылғы 22 тамызда ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар және коронавирус инфекциясы бойынша 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымында санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық- профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» Қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне маска кию режимі енгізілді, медициналық ұйымдарда дезинфекциялық режим, ұйымдасқан ұжымдарда профилактикалық шаралар мен жылу ережелерінің сақталуын мониторингілеу күшейтілді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты тұмаудан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынады. Осы мақсатта биыл облыстық бюджеттен тұмауға қарсы Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 85 006 дозасы сатып алынды. Ол эпидмаусымда айналымда болатын тұмау вирусының А (H1N1 и H3N2) және В типтеріне қарсы тиімді қорғаныс қалыптастыра алады. Бүгінгі күні 17 862 адам тұмауға қарсы екпе алды. Иммундау жұмыстары жалғасуда.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысымен бекітілген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидаларына сәйкес жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялау тиісті контингенттерге тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі. Олар – қауіпті топқа жататын медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған науқастар, жүкті әйелдер және балалар үйінің, сәбилер үйінің балалары, қарттар үйінің контингенті. Сондай-ақ, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі. Осы аталған контингентте қамтылмаған адамдар екпені ақылы түрде салдыруына болады.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ЖРВИ және тұмаудан сақтану үшін вакцина алуға, жеке бас гигиенасын орындауға кеңес береді. Сондай-ақ, эпидмаусым кезінде көпшілік орындарда, нашар желдетілетін жерлерде және аталған инфекциялардың клиникалық белгілері бар адамдармен араласқанда бетперде киіп, арақашықтықты сақтау, қолды жиі сабындап жуып, антисептиктерді пайдалану да маңызды. Бұл сақтық шаралары тек тұмау мен ЖРВИ-дан ғана емес, өзге де инфекциялық ауруларды жұқтырып алу қаупін төмендетеді.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

Алдыңғы мақала

Тұмауға қарсы екпе – саулық кепілі

Келесі мақала

Мәжілісте міндетті медициналық сақтандыру мен көлеңкелі экономиканы азайту мәселелері қаралды

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі