• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 4 қыркүйек, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қыркүйек айына арналған жұлдыз жорамал

Жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Сондай-ақ жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімді құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз 

01.09.2025
in Қоғам
0
501
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Тоқты

Қыркүйек айының басында тоқтылардың отбасы мен серіктестік қарым-қатынаста қиындықтар тууы мүмкін. Сүйіктіңіз ымыраға келуге немесе бірлескен істерде белсенділік танытуға құлықсыз болуы ықтимал. Ол отбасы алдындағы жауапкершілікті ысырып, алыстап кеткендей әсер қалдыруы мүмкін. Бұл кезең – үйге қонақ шақыруға қолайсыз. Сондай-ақ мерейтойлық кештер сияқты отбасылық салтанатты шаралар өткізуді де кейінге қалдырғандарыңыз жөн.

Махаббат қызықтырмаса, шығармашылыққа бет бұрасыз. Бір іске түгелдей беріліп, мысалы, спортпен шұғылдана бастайсыз немесе гитарада ойнауды үйренуге кірісесіз. Қыркүйек айының соңында күтпеген өзгерістер орын алуы мүмкін, сондықтан алдын ала құрған жоспарлардың орындалуына қатты сенбеген жөн.

Сіз үшін маңызды болған кейбір достарыңызбен қарым-қатынасыңыз нашарлап кетуі мүмкін. Тәуекелге барудан аулақ болыңыз.

Торпақ

Жұлдыздар торпаққа артық күш салмауға және күш-қуатыңызды біркелкі жұмсауға кеңес береді. Әйтпесе, иммунитеттің әлсіреуіне, соның салдарынан қызумен, қабыну процестерімен жүретін вирустық инфекцияларға тап болуыңыз мүмкін. Іскерлік мәселелер көбейіп, сонымен қатар жалпы жағдайыңыз да нашарлауы мүмкін.

Егіздер

Қыркүйек айының басында егіздер белгісіндегі жандарды ойынға адеген құмарлығы артады. Бәске ақша тігілетін ойындар, ойын клубтары мен интернет-казиноларға бармағаныңыз абзал. Мұндай жағдайда сіз қомақты қаражаттан айырылып қалуыңыз мүмкін. Бұл кезеңдегі басты мәселе – бар қаржылық ресурстарды орынсыз әрі ойланбай жұмсау. Ақшаңызды ойын-сауыққа, қымбат концерттер мен мейрамханаларға жұмсаудан аулақ болыңыз. Ірі көлемдегі сауда жасаудан да әзірге бас тартқаныңыз жөн.

Шаян

Қыркүйекте шаяндарға өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау қиынға соғуы мүмкін. Бұл кезеңде олар бірбеткейлік танытып, жақындарының пікірі мен мүдделерін елемей, бәрін өз бетімен шешуге ұмтылады. Мұндай мінез-құлық отбасында шиеленістің күшейтеді. Келер айдың ең күрделі мәселесі – ата-анамен қарым-қатынасқа байланысты болуы мүмкін. Сізге кейбір отбасы-тұрмыстық міндеттерді өз мойныңызға алып, жауапкершілік жүгін көтеруге тура келеді.

Арыстан

Келер айда арыстандардың кез келген жасырын немесе құпия әрекеті жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Себебі бұл күндері құпияның құпия болып қалуы екіталай. Біреуден жасырып, келісімге келуге немесе шиеленіске араласуға тырыспаңыз. Қиын жағдайға тап болмау үшін кейін ұялатын істерден аулақ болғаныңыз жөн. Сонымен қатар бөтен адамдарға, әсіресе алыс сапардағы пойыздардағы жолаушыларға, жеке өміріңізге қатысты құпияларды айтып қоймауға тырысыңыз. Шектен тыс сенгіштік бұл кезеңде өзінің кері әсерін тигізуі мүмкін.

Бикеш

Қыркүйекте бикештер үшін қаржылық жағынан қиындықтар туу мүмкін. Бұл уақытта сізге шығындарыңызды қысқартып, сауда-саттыққа ұқыпты қарауға тура келеді. Мұндай қаржылық қиындықтарға көбінесе ойын-сауыққа шамадан тыс шығындалу себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар тұрмыстық техниканың немесе мүліктің кенеттен бұзылып, жөндеу қымбатқа түсіп немесе жаңасын сатып алуға тура келеді. Алайда айдың ортасы қаржылық мәселелерді шешуге қолайлы болмақ.

Таразы

Келер айда таразылар беделді әрі ықпалды адамдармен сөзге келіп қалуы мүмкін. Мұндай адам – жұмыстағы басшы, билік өкілі немесе ата-анаңыздың бірі болуы ықтимал. Қалай болғанда да, тәртіп пен иерархияны елемей, өз бетінше әрекет ету жақсылыққа апармайды. Сондықтан өзіңізді тәртіпке, лауазымды адамдарға деген құрмет сезімін тәрбиелеуге тырысыңыз. Айдың ортасында сізден белсенділік пен бастамашылдық талап етуі мүмкін. Маңызды істерді өз қолыңызға алыңыз, ешкімге тапсырма бермей, барлығын жеке бақылауыңызда ұстағаныңыз дұрыс

Сарышаян

Қыркүйекте сарышаяндар ережелер мен заң талаптарын бұзуға байланысты қолайсыз жағдайға тап болуы мүмкін. Жолда, көлік жүргізу кезінде барынша мұқият болғаныңыз жөн. Жол қозғалысы ережелерін бұзу айыппұл салуға алып келуі ықтимал. Көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді уақытында жасаңыз, қарыздарды жинамауға тырысыңыз. Айдың ортасы тыныштықта, жалғыздықта уақыт өткізуге қолайлы болмақ.

Мерген

Келер айда мергендер тосын әрі күтпеген жағдайларға тап болуы ықтимал. Қаржылық шығындар немесе мүлікке зиян келуі де бек мүмкін. Кейбір жоспарларыңызды шұғыл түрде өзгертуге тура келеді. Қаржылық мәселелерде барынша сақ болғаныңыз жөн. Несиелер мен қызмет ақыларын уақытында төлеуді ұмытпаңыз. Үлкен берешек несие берушілерге қатысты қиындықтарға алып келуі мүмкін.

Тауешкі

Қыркүйек айының басында тауешкілер үшін сыртқы жағдайлар қолайсыз болуы мүмкін. Өз ойлаған мақсаттарыңызды жүзеге асыру қиынға соғады, өйткені жиі кедергілерге тап боласыз. Мансап пен серіктестік қатынастарға қатысты қиындықтар тууы ықтимал. Бұл кезеңде өз ұстанымыңызды қорғауға күшіңіз жетпей, сыртқы жағдайларға бейімделуге, ымыраға келуге тура келеді. Айдың ортасы сіздің қызығушылықтарыңыз бен басымдықтарыңызды өзгертуі мүмкін

Суқұйғыш

Қыркүйекте суқұйғыштар күнделікті тұрмыстық істерде қиындыққа тап болмақ. Назарды жиі бөлетін факторлардың әсерінен іс-шараларды ретке келтіріп, тәртіп орнату оңайға соқпайды. Егер сіз үй көмекшісінің, күтушінің немесе бала бағушының қызметін пайдаланған болсаңыз, олардың бірімен қарым-қатынаста қиындық туындауы мүмкін, тіпті біраз уақыт көмекшісіз қалуыңыз ықтимал. Сонымен қатар үй жануарларына байланысты да кедергілер кездесуі ытимал. Айдың ортасы білім алуға және сапарға шығуға қолайлы кезең болмақ.

Балықтар

Қыркүйек айының басында балықтар үшін ең өзекті мәселе — қаржылық қиындықтар. Сәтсіз инвестициялар мен қаржылық алыпсатарлықтың салдарынан шығынға ұшырау қаупі бар. Сонымен қатар ойын-сауық пен құмар ойындарға артық ақша жұмсау қаупі де жоғары. Айдың ортасы медициналық тексерулерден өтуге және қажет болған жағдайда емдік-сауықтыру шараларын жүргізуге қолайлы кезең. Бұл — өмір салтыңызды ретке келтіру үшін таптырмас уақыт.

Stan.kz

Фото: tolqyn.kz

Алдыңғы мақала

Енді мектеп асханасы ескертусіз тексерілмек

Келесі мақала

Парламент үйі өртке оранды. Қаза тапқандар бар

Оқи отырыңыз

Оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керек?
Білім

Оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керек?

Ер адам өзінің 6 жасар қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
Оқиғалар

Ер адам өзінің 6 жасар қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды

Есірткімен күрес қалай жүріп жатыр?
Құқық

Есірткімен күрес қалай жүріп жатыр?

Көру қабілеті төмендеген адамның миынан 18 см құрт шыққан
Әлемде

Көру қабілеті төмендеген адамның миынан 18 см құрт шыққан

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Көру қабілеті төмендеген адамның миынан 18 см құрт шыққан

Қызылорда облысында күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды

Қызылордалық әйел жатыр су мен кіші дәретті ажырата алмаған дәрігерлердің жазалануын талап етеді

«Dauletten» қайырымдылық қоры 1000 баланы мектепке дайындады

Қызылордада ерікті жастар мен пробация есебіндегілер сенбілікке қатысты

Аймақта тырысқақ ауруы тіркелген жоқ

Өзекті жаңалықтар

Оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керек?
Білім

Оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керек?

0

Жалпы сөмке салмағы баланың дене салмағының 10%-нан аспауы тиіс. Белгіленген нормаларға сәйкес салмақ келесідей көрсеткіштерге сай болуы...

Ер адам өзінің 6 жасар қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды

Ер адам өзінің 6 жасар қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды

Есірткімен күрес қалай жүріп жатыр?

Есірткімен күрес қалай жүріп жатыр?

Көру қабілеті төмендеген адамның миынан 18 см құрт шыққан

Көру қабілеті төмендеген адамның миынан 18 см құрт шыққан

Қызылорда облысында күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды

Қызылорда облысында күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керек?
  • Ер адам өзінің 6 жасар қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
  • Есірткімен күрес қалай жүріп жатыр?
  • Көру қабілеті төмендеген адамның миынан 18 см құрт шыққан
  • Қызылорда облысында күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі