• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 12 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Аудан әкімі Қазалы теміржол ауруханасының жұмысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы теміржол ауруханасына барып, денсаулық сақтау мекемесінің тыныс-тіршілігімен, қызмет сапасымен және материалдық-техникалық базасымен танысты,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.11.2025
in Денсаулық
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аурухананы аралау барысында аудан басшысы қабылдау бөлімі, емхана, зертхана, жансақтау, хирургия, және диагностикалық бөлімдеріндегі жұмыс барысын көріп, мекеме ұжымымен кездесті. «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Құбыл Ршымбетов аурухананың қазіргі жағдайы, көрсетілетін қызмет түрлері, жабдықталуы және кадрлық әлеуеті туралы жан-жақты баяндап берді.

Аудан әкімі медициналық қызметтің сапасына ерекше назар аударып, тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті үздіксіз қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, науқастардың жағдайын жеңілдетуге бағытталған барлық жұмысты жүйелі жүргізу қажеттігін айтты.

Аурухана ұжымына жауапты қызметтері үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да тұрғындардың саулығы жолында адал еңбек ете берулеріне тілектестігін білдірді.

Қазалы теміржол ауруханасы — ХХ ғасырдың басында, яғни 1904 жылы Қазалы уезінде халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында амбулатория ретінде ашылып, онда ең әуелі фельдшер және акушер жұмыс істеген. Ал, Ұлы отан соғысы кезінде теміржол ауруханасы госпитальге айналған, яғни әртүрлі жарақатпен түскен солдаттарды қабылдап ем жасаған, осылайша аурухана Ұлы Отан cоғысындағы жеңіске өз үлесін қосқан. Ғасырдан астам тарихы бар теміржол ауруханасы заманына сай атауын өзгертіп отырды. 2018 жылдан бастап «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС болып өзгертілген. Ғасырдан астам тарихы бар мекемеде бүгінде 450-ге жуық қызметкер жұмыс жасайды. Аурухана толық қажетті медицина саласындағы заманауи озық үлгідегі аппаратуралармен жабдықталған.

Алдыңғы мақала

Қазалыда «Қыс-2025» облыстық штабтық оқу-жаттығуы өтті

Келесі мақала

Аудан әкімі Іңкәрдария және Ақжарма ауылының тұрғындарымен кездесті

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті
Құқық

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен  облыстың ашық біріншілігі өтті
Құқық

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

«Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті
Құқық

«Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті

Жаңа конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді
Саясат

Жаңа конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңа конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді

Төзімділікті серік еткен қызметкер

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Қатал қызметтегі нәзік ару

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті
Құқық

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

0

Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі құқық...

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен  облыстың ашық біріншілігі өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

«Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті

«Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті

Жаңа конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді

Жаңа конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді

Төзімділікті серік еткен қызметкер

Төзімділікті серік еткен қызметкер

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті
  • Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті
  • «Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті
  • Жаңа конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді
  • Төзімділікті серік еткен қызметкер
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі