• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 17 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Қызылорда облысында өңірдің есірткіге қарсы эмблема-логотиптерін әзірлеуге арналған байқау өз мәресіне жетті.

05.03.2026
in Құқық
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Байқауды Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты — жастарды белсенді шығармашылық қызметке тарту, салауатты өмір салтының берік қағидаттарын қалыптастыру және өңірдің есірткіге қарсы логотипін әзірлеу бағытын айқындайтын заманауи, танымал символиканы жасау.
Қатысушыларға Қызылорда облысының эмблема-логотипін және полицияның профильдік бөлімінің эмблемасын әзірлеу тапсырылды. Ұсынылған жұмыстар мазмұнды тұжырымдамасымен, графикалық шешімдерінің ерекшелігімен және алдағы уақытта тәжірибеде қолдану мүмкіндігімен дараланды.
Байқауға облыстың 15 пен 20 жас аралығындағы студенттері мен оқушылары қатысты. Жұмыстар тақырыпқа сәйкестігі, идеяның жаңашылдығы, ықшамдылығы, танымалдылығы, эстетикалық безендірілуі және көркемдік деңгейі бойынша бағаланды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша екінші кезеңге 30 байқау жобасы жолдама алды.
Байқау комиссиясының шешімімен жеңімпаздар анықталды: І орын — Қасымов Мансур, Арал ауданы №260 орта мектеп; Бекарыстанов Нурасыл, Қармақшы ауданы №274 мектеп; Сулейменов Али, Қармақшы ауданы №274 орта мектеп; ІІ орын — Тастемір Марғұлан, Қазалы ауданы №276 орта мектеп; Аманжол Ербол, Қармақшы ауданы №274 орта мектеп; Құрманәлі Назгүл, Жаңақорған ауданы №293 орта мектеп; Наурызбай Аяулым, Қызылорда қаласы №172 орта мектеп; ІІІ орын — Нұрылла Дулат, Қармақшы ауданы №277 мектеп-лицей; Таңсықбай Аяулым, Жалағаш ауданы №116 орта мектеп; Оразалиев Шерали, Қармақшы ауданы №85 орта мектеп; Бахберген Қасым, Қармақшы ауданы №277 мектеп-лицей; Қосанов Еркебұлан, Арал ауданы №14 орта мектеп.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және салауатты өмір салты құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Алдыңғы мақала

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Келесі мақала

Қатал қызметтегі нәзік ару

Оқи отырыңыз

Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты
Әлеумет және экономика

Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты

Арал: аудан көлеміндегі тазалық жұмыстары басты назарда
Экология

Арал: аудан көлеміндегі тазалық жұмыстары басты назарда

Мемлекеттік қызметте әдеп пен заңнаманы сақтау мәселелері талқыланады
Әлеумет және экономика

Мемлекеттік қызметте әдеп пен заңнаманы сақтау мәселелері талқыланады

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты
Әлеумет және экономика

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Арал: Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарында мониторинг жұмыстары жүргізілді

Туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Қызылордадағы жаңа жылу электр орталығында электр энергиясы өндірілуде

Қызылордада есірткіге қарсы жаппай марафон өтті

Қызылордада сотталғандар темір бұйымдар мен шлюздер жасауда

Өзекті жаңалықтар

Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты
Әлеумет және экономика

Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты

0

Аудан бойынша 2026 жылдың 3 айында жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 24,6 пайызға артып,...

Арал: аудан көлеміндегі тазалық жұмыстары басты назарда

Арал: аудан көлеміндегі тазалық жұмыстары басты назарда

Мемлекеттік қызметте әдеп пен заңнаманы сақтау мәселелері талқыланады

Мемлекеттік қызметте әдеп пен заңнаманы сақтау мәселелері талқыланады

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Арал: Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарында мониторинг жұмыстары жүргізілді

Арал: Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарында мониторинг жұмыстары жүргізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты
  • Арал: аудан көлеміндегі тазалық жұмыстары басты назарда
  • Мемлекеттік қызметте әдеп пен заңнаманы сақтау мәселелері талқыланады
  • Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты
  • Арал: Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарында мониторинг жұмыстары жүргізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі