• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 6 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін Арал ауданында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған «Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты кеш шымылдық түрді,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

06.05.2026
in Мәдениет
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Отан үшін жан берген бабалардың ерлік істерінен сыр шертетін кеште алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Гимн орындалды. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаев, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай және аудандық мәслихаттың төрағасы Базарбай Төрахметов қатар бір топ зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер қатысты.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев жиналған қауымды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Құрметті ағайын, қадірлі жерлестер! Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Санаулы күндерден соң оқ пен оттың өтінде жүріп, жеңісті жақындатқан батыр аталарымыздың тарихи ерлігі дәріптелетін 9 мамыр – Жеңіс күні келеді. Өрлік пен ерліктің айнымас үлгісіне айналған бұл күн Сіз бен біз үшін жат емес. Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 81 жыл толады. Қос мереке баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің бейбіт өмірі мен тұтастығын қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы. Бүгінде Қарулы Күштеріміз ел қауіпсіздігінің сенімді қалқанына айналып, кәсібилігі мен жауынгерлік рухын айқын дәлелдеп келеді. «Ел – ерлерімен еңселі» дейді дана халқымыз. Ұлан-ғайыр жерімізді қорғап, бізге аманат еткен батыр бабаларымыздың ерлігі мәңгілік өнеге. Ел бірлігі мен татулығы бар жерде ғана тұрақтылық пен даму болады. Сондықтан әрқайсымыз өз ісімізге адал болып, Отанымыздың өркендеуіне үлес қоса берейік. Осы айтулы мерекеде ел қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша азаматтарға шынайы алғыс білдіремін! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін!» — деп, бұл күннің тарихи маңыздылығын атап өтті.

Мерекелік шарада әскери салада еңбек еткен ардагерлерге, аудандық қорғаныс істер мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне және құқық қорғау органдарының мамандары облыс, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ 2023-2026 жылдар аралығында мерзімді әскери қызметін өткерген бір топ азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Мұнан соң Отан қорғаушыларға арналған мерекелік кеште «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Нұртайұлы сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтады.

Шарада түрлі салада абыройлы еңбек етіп жатқан бір топ азаматтар «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты кеш одан әрі ауданның талантты өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Шара барысында майдангер бабаларымыздың Отан қорғау алдындағы ерен еңбектері кеңінен насихатталып, мереке жоғарғы деңгейде аталып өтті.

Алдыңғы мақала

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде
Экология

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан
Қоғам

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді
Әлеумет және экономика

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазалы ауданының әкімі Әйтеке би кентіндегі спорт нысандарының құрылысын көрді

Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Жаңақорғанда құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастарылып жатыр

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты

Өзекті жаңалықтар

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті
Мәдениет

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті

0

Отан үшін жан берген бабалардың ерлік істерінен сыр шертетін кеште алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Гимн...

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті
  • Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде
  • Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан
  • Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді
  • Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі