• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалыда мемлекеттік қызметшілер мен полиция күніне орай салтанатты шара өтті

Бүгін Қазалы ауданында Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күні кәсіби мерекелеріне орай салтанатты шара өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

24.06.2026
in Қоғам, Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен мерекелік шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

-Баршаңызды Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру. Өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, еліміздің тәуелсіз, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына мемлекеттік қызметкерлердің қосқан үлесі зор. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мемлекеттік қызметшілер – Әділетті Қазақстанды құрудың басты қозғаушы күші» — деген болатын. Әрбір мемлекеттік қызметшінің бойындағы кәсібилік, адалдық сынды қасиеттер еліміздің өркендеуінің негізіне айналуда. Қоғам дамуының басты мұраты — елдің тыныштығы екені белгілі. Бұл орайда, қызметтері жоғары кәсіптілікті және асқан жауапкершілікті талап ететін әрі өмірлері қауіпке толы полиция қызметкерлерінің де еңбегі ерен. Күні кеше ғана облыс орталығында аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлының қатысуымен Полиция күніне орай өткен салтанатты шарада өңіріміздің полиция қызметкерлеріне 94 арнайы қызметтік автокөліктің кілтін табысталса, оның ішінде 7 қызметтік автокөлік Қазалы аудандық полиция бөліміне берілуде. Сала қызметкерлерінің жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқарған кешенді шаралардың нәтижесінде ауданымызда қылмыс деңгейі жыл сайын төмендеп келеді. Мәселен, биыл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда аудан бойынша қылмыстылық деңгейі 50-ден 40-қа, яғни -10 пайызға төмендеген. Жауапты міндет жүктелген мамандықтарды меңгеріп, қазыналы Қазалы жерінің көркеюі мен қоғам тыныштығы жолында талмай еңбек етіп жатқан қос саланың қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Президентіміздің Әділетті, Таза, Заң мен тәртіп салтанат құрған Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамалары мен тапсырмаларын орындаудағы жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, — деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Салтанатты жиында қазыналы Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамның тыныштығы жолында аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар сала үздіктері ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемовтың, облыс әкімі мен аудан әкімінің, облыстық мәслихат төрағасының және Мемлекеттік қызмет істері мен облыстық полиция департаменттері басшыларының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік жиын мұнан әрі аудан өнерпаздары мен мемлекеттік қызметшілердің және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кетейік, бүгінде Қазалы ауданында 163 мемлекеттік қызметкер болса, оның ішінде 127 – сі ер қызметкерлер, 36-сы әйел азаматтар. Ал ауданымызда 35 жасқа дейінгі 31 жас мемлекеттік қызметші өңір дамуы жолында еңбек етуде. Ал, ауданымызда 100-ден астам полиция қызметкері қоғам тыныштығын сақтау жолында абыройлы қызмет етіп келеді.

 

Алдыңғы мақала

Аралда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті

Келесі мақала

Сот жүйесі қызметкерлерінің еңбегі бағаланды

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі